Басты  - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 

 
 
 
КЕМЕЛ КЕЛЕШЕКТІҢ БАСТАУЫ 03.03.2016

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту, Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауындағы ең өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда қазынашылық бюджеттік жүйесін жақсарту, жергілікті бюджет қаражатының дұрыс пайдалану, жемқорлыққа жол бермеу, әр қазынашылық қызметкерлерінің бақылауында. Елбасы әр жыл сайынғы Жолдауында ел дамуының барлық саласын қамтып, алдағы жылдар ішінде қандай іс атқарылатынын жіпке тізіп береді. Ұлан-байтақ жері бар біздің еліміз үшін алдыңғы қатарлы заманауи көліктік инфрақұры­лым – жарқын болашаққа апарар жол. Ол экономикамыздың дамуына және экономикамызды инновациялық даму сатысына көтеретін стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым.
Іле аудандық қазынашылық басқармасында 50 мемлекеттік мекемеге, оның ішінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 38 және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 9 мемлекеттік мекемеге, 2 квазимемлекеттік сектор субъектісіне, 1 мемлекеттік кірістер басқармасына және 41 қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына қызмет көрсетілді. Аудан бойынша 38730 қаржы құжаттары қабылданды (2014 жылы- 39055), 36108 құжат орындалды (2014 жылы - 36302), оның ішінде 1403 жоспарлар мен анықтамалар, 31617 төлем ақы шоттары, 1624 міндеттемелерді тіркеу өтінімдері, 6 инкассалық өкімдер бойынша құжаттар орындалды. Орындаусыз 2622 құжат, немесе 6,7 пайыз қайтарылған, оның ішінде 1506 төлем ақы шоттары, 669 міндеттемелерді тіркеу өтінімдері, 92 салықтарды қайтару және есепке алу төлем тапсырмалары, 353 анықтамалар, 2 инкассалық өкімдер.
Іле аудандық қазынашылық басқармасы бойынша құжат айналым 40342 құжатты құрды. Оның ішінде кіріс құжаттары - 39460, шығыс құжаттары - 818, бұйрықтар - 64. Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберіндегі мемлекеттік тілдегі құжат айналым 7,2 пайызды құрады, пайыздың төмен болу себебі төлем құжаттар орыс тілінде қабылданды. Есепті кезеңде бюджеттің кіріс жағы 145418884,0 мың теңгені құрады. Оның ішінде 71687322,3 мың теңге республикалық бюджетке және 73731561,7 мың теңге жергілікті бюджеттеріне түсті. Шығыс сомасы 79120450,5 мың теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет бойынша 5741901,6 мың теңге және жергілікті бюджет бойынша 73378548,9 мың теңге.
Жарқын болашақ үшін қажетті мақсат-міндеттерді Елбасы Н.Назарбаев саралап, жіктеп, қалай жүзеге асыру қажеттігін көрсетіп береді. Іле аудандық қазынашылық басқармасының ұжымының ұлы мақсаты – Мәңгілік Ел болудың жолында жұдырықтай бірігіп, әркім өз саласы бойынша адал еңбек ету ғана. Алдағы уақытта да Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру жолында өз жұмысында бастамашылық, нәтижелік және жауапкершілікті арттырып, еліміздің экономикасының одан әрі дамуына өз үлесімізді қосуға қашанда дайынбыз.