Басты  - ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ТҮПҚАЗЫҒЫ
 

 
 
 
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ТҮПҚАЗЫҒЫ 04.12.2015

Құрметті Прокуратура қызметкерлері! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Елбасы Н.Назарбаев прокуратура – құқық қорғау органдарының түп қазығы екенін атап айтып, осы талапқа сай жаңа міндеттер қойды. Елімізде болып жатқан тың үрдістер мен заң саласындағы жаңалықтар адамды қоғамның жоғарғы құндылығы ретінде бірінші кезекке қойып, азаматтардың сотпен қорғалу құқығын кеңейте түсті. Жеке адамның құқығын қорғау республика прокуратурасы органдары қызметінің негізгі мақсатына айналды. Содан бері тындырылған жұмыстар аз емес.
Прокуратура - бүгінгі таңдағы Республикамыздың ең жоғарғы құндылығы – адам оның өмірі, құқықтары мен бостандығын, мемлекет пен заңды тұлғалардың заңмен көзделген мүддесін қорғайтын бірден-бір ең жоғарғы қадалаушы органға айналды.
Біздің ауданымыздағы прокуратура қызметкерлері тұрғындардың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғауда сол арылы әділдік орнатуда аянбай еңбек етіп келеді. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтап, заңдылық пен құқықтық тәртіпті ккүшейту жөніндегі жауаптты міндетті орындаудағы жасампаз еңбектеріңізге үлкен табыстар, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!