Халқымызда «Үйлену оңай, үй болу қиын» дейтін қанатты сөздер бар. Бұл сөздің мәнісі тіпті тереңде. Қыз бен жігіттің үйлену туралы шешім қабылдауы соншалықты бір қиын емес. Кейде жастар бір көріп-ақ екінші кездескенде үйленіп жатады. Қиынның қиыны үйленген жастардың отауын сақтап қалу.
Қыз бен жігіттің некелесіп, отбасын құруына махаббат сезімі себепші болады. Қызғанышсыз махаббат болмайды. Ол бірге өмір сүру барысында ненығая түседі, не тасталқан болады. Мұндай жағдайда көмекке келетін сезімдер-байыптылық, ақылдылық, өзара түсіністік, кешірімділік. Әуел баста от боп жанған ес-түссіз махаббатты тек осылай ғана сақтап қалуға болады.
«Сүйген жарыңмен күркеде де жұмақ табасың» дегендей махаббатты қызғыштай қорғау керек. Ерлі-зайыптылардың арасында сүйіспеншілік пен адал пейіл таныту екеуіне де бірдей міндет болып табылу әйелі күйеуінің, күйеуі әйелінің өзін жақсы көретіндігін сезіну екі жақты да қанағаттандырады. Демеуге қолдауға, көтермелерге, әйел қандай мұқтаж болса, ер адам да сондай мұқтаж. Мұндай қолдау бір-біріне деген құрмет пен ризашылық сезімдерін оятады, адал пейіл туғызады. Бір-біріне тек жақсылық ойлайды.
Жастар отбасын құрғанда қиындыққа төземін деуден бұрын қиындықтан қашатындары өкінішті. Қиындығы мол өмір атты үлкен мұхиттың толқындарына төтеп бере білу өте қиын. Дегенмен де шыдамдылық, сабырлық, байыптылық адам баласына қажетті түптің түбінде бағаланатын өте құнды қасиет. Көп жастар үйленбей жатып яғни, 1-ай, 1 – жыл өтпей қызбалықпен ажырасып жатады.
Болашақта олардың барлығының жолдары болып «айтқанына» көнетін жар табылатына кім кепілдік бере алады. Сондықтан ертеңгі күнінен бұрын бүгінгі күнгі жақсылығыңды бағалай біл. Көпшілікке жол бермеу үшін болашақ жұбына көкірек көзімен қарап, әбден таразы тезінен өткізіп алу керек.
Ертеңгі күні өзіңді де, өзгені де әуреге салмау үшін мәселені істің басында шешіп алған жөн.
Әйел болсын, еркек болсын оларды сұлулығына қарап емес, адамгершілігіне, имандылығына, парасаттылығына, мейірімділігіне қарап таңдаған дұрыс.
Отбасы қоғамның бір бөлшегі. Үйлену, өз алдына отау тігіп, түтін түтету ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан тарихи салт, құбылыс. Қазақ халқында «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақжаулық, ұшінші байлық - он саулық» деген үш тармақты, бір бүтін аталы сөз.
Қазақ табиғатында отбасы иелері балаларының алдында өздерінің тіршілік әрекетінде барлық адамгершілігін, қасиеттерін үлгі көрсетіп тәрбиелеген.
Сондықтан бүгінгі күнде жастарды, әдепті де, саналы етіп тәрбиелеу, ұлттық дәстүрімізді ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларын санасына сіңіріп, тұрмыс пен салтқа биімдеп тәрбиелеу біздің және ата-аналарымыздың парызы. Ұл - қыздарымызға айтарымыз дөрекілік мінез бен қатыгездікті бойдан шығарып, әдептілікті бойға тарату керек. Себебі, отбасының әдептілігі – бақыттың бір кілті. Қыздарға айтарымыз, жан-жақты сұлулық: яғни жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болған жарасады.
|