Басты  - ТАЛАНТТЫ БАЛА ТАЛПЫНҒАН ҚҰСТАЙ

 

 
 
 
ТАЛАНТТЫ БАЛА ТАЛПЫНҒАН ҚҰСТАЙ 06.11.2015

«Бақытты балалық» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының қолдауымен КазЦИК ауылының оқушысы ақиық ақын М.Мақатаевтың жүзге жуық өлеңін жатқа оқитын, екі поэмасын жатқа білетін, жұдырықтай жүрегі елім деп, халқым деп соғатын, жыр әлемінде өзіндік өрнегі бар, тілін сүйетін, өз тілінің жырын сүйетін «Ақ көгершін» халықаралық конкурсында ІІІ-орын алып, лауреат атанған және Республикалық «Ғұмырдария» жырлайды жүрек конкурсында І-орынға ие болған Жансая Утесинованың «Талантты бала талпынған құстай» атты шығармашылық кеші ұйымдастырылып «Тамшы» атты кітабының тұсаукесері өткізілді.
Атаулы мерекелік кешке ауданымыздың «Нұр Отан» партиясы мүшелері: аудандық ақсақалдар Кеңесінің төрағасы – Ә. Ә. Исаев, Еламан Қабылдаев атамыздың қызы Ұлташ апамыз, округ әкімі – С. И. Күзембаев, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Республикалық Мұқағали, Ілияс мүшәйраларының І-орын жүлдегері, Қобызшы Молықбай, Майра Уәлиқызы атындағы сыйлықтың иегері ақын Мақпал Мыса, ауыл ақсақалдары мен Қоғамдық Кеңес төрағалары және №6 орта мектеп ұжымы қатысты.
Атаулы мерекенің мақсаты ауыл тұрғындарының, мектеп оқушыларының кітап оқырмандарының өлеңге, шығармашылыққа деген пікірлерін ұлы ақындардың поэзиясын өз шығармашылығына арқау етіп, сусындап, ізденіп, табиғи қабілетті оятып, таланттанып жүрген шәкірт қыздың талантын ашу. Қаршадай Жансаяның тұңғыш тырнақалды еңбегінің тұсауын «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Абилова және Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, ақын Мақпал Мыса кесті. Шығар шыңың биік болсын!