Мен ес білгеннен бері, біздің отбасымызда "Қоспан аға" деге есім жиі айтылатын, себебі, ол кісі әкеміздің үлкен ағасы.
Мектептің тоғызыншы сыныбында оқып жүргенде "Мәдениет және тұрмыс" журналында белгісіз сарбаздың суреті жарияланды. Сол суретті әкеміз ағамыздың бейнесіне ұқсатып, бірде ұқсатпай жүрген. Cонымен қойшы, ол суреттегі адам ағамыз емес болып шықты. Бала кезде әкеме Қоспан аға қандай болды дегенімде, ол өте сабырлы және мейірімді болған. Ол кісінің соғыста жазған бір хатында бұл соғыстың елге әкелетін зардабы көп, тірі тышқаннан өлі арыстан артық деп жазғаны бар.
Уақыт өте келе дүниеден әкеміз де, анамыз да қайтты, бірақ мен үшін ағамның есімі аманат болғандай болып тұрады. Балаларымыз өсіп, үлкен ұлымыз Әлібек өткен 2015 жылы интернет арқылы ағамызға қайта іздеу салдық. Сонымен осы жылдың маусым айында интернеттен электронды хат алдық. Онда Қорғаныс Министрлігі орталық мұрағатынан бізге ағамыз туралы толық ақпарат беріліпті.
Сонымен не керек, сол хатта, ағамыз Байжанов Қоспан Алматы облысы Іле ауданы әскери комиссариатының шақыруымен 173 атқыштар дивизиясында қызыл әскер болып, 20.12.1942 жылы мерт болған екен. Ол кісінің жатқан жері Сталинград облысы (қазіргі Волгоград) Городишенский ауданы Максимкино сайы, 136,7 төбешік қыраттарынан 1 киллометр жерде бауырлас мүрдесіне жерленген. Мұрағаттан келген қағзда ол кісінің әйелінің де аты жазылған - Қанапия Байжанова. Ал ол кісінің атын білетінім, ертеректе марқұм анам ауылдағы бір асқа көмектесіп жүргенде бір үлкен кісінің айтуымен, мына Қанапия сенің абысының болады, Қоспанның әйелі деп айтқаны бар. Анам, үйге келгенде осыны айтып Қанапия апамызбен сөйлескенде "Нұрқаш менің қайным, өзі жақсы жігіт қой деп айтқаны есімізде. Сонымен, Қорғаныс Министрлігі орталық мұрағатына шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз. Ал, Қоспан ағамыздың рухына, жаны жанатта, топырағы торқа, иманы салауат болсын деп тілейміз.
|