Энергетический ауылдық округінің Мұқағали Мақатаев атындағы №13 орта мектептің акт залында «Әке мен баланың сырласуы атты «Айтуға оңай» бағдарламасы ауданымызда алғаш рет өтті. Басты мақсаты әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, тәлім-тәрбие үлгісінің үйлесімділігін насихаттап, жас ұрпақтың рухани байлығын арттыруға, ата-баба дәстүрін жандандыру, үш ұрпақ арасындағы сабақтастықты дамыту, келешек ұрпақтың сана-сезімін ояту. Бағдарламаға №38 мектеп-гимназия оқушысы Т.Бисенов әкесі Р. Бисенов, №24 лицей оқушысы М. Жылқайдар әкесі М. Нұрқасымов және №13 орта мектеп оқушысы Н.Қожанберді әкесі Т. Тойшыбеков қатысты. Қатысқан үш отбасы өздерін таныстыра отырып, әке мен баланың арасындағы сыйластық, әкенің балаға берген тәлім-тәрбиесі, болашаққа көзқарастары жайлы сөз қозғалды. Энергетический ауылдық округ әкім аппараты қатысқан отбасыларына алғыс айтып, мақтау қағазы мен естелікке сыйлықтар берді.
Осы шараның жоғары деңгейде өткізілуіне ықпал еткен аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ғ.Нәдірбекова және №24 лицейдің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р. Сатыбалдиева, №13 орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Құрманәліқызы, №38 мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Абдушеваларға алғыс білдіреміз. Аталмыш шараға мекеме қызметкерлері, мұғалімдер, студенттер, оқушылар және округ тұрғындары қатысты.
Әке - отбасының тірегі, асыраушысы. Әкенің бала тәрбиесіндегі ықпалы аса күшті. Әкенің - отбасындағы беделінің биіктігі балаға айтарлықтай әсер етеді. Әке - тарапынан көрсетілетін қамқорлық, ілтипат, жылы қабақ, түсіністік балаға сенім күш сыйлайды. Әке - асқар тау. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке - сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру, әрбір перзенттің басты парызы. Махаббат пен ізгілік аясында есейген, ержеткен, өсіп-өнген бала кейін айналасына да көп жақсылық әкелмек. Ендеше, ата-ана мен баланың арасында шынайы адал сүйіспеншілік, рухани жақындастық, екі жақта өзара сыйласымдылық, сенім болған жағдайда бала өз көзқарасы мен ақыл-ой тұрғысында нық тұрып, болашақта ата-анасының мықты тірегіне айналары сөзсіз.

|