Біздің халқымыз ер-азаматты шаңырақ иесі десе, әйел-ананы отбасының алтын қазығы деп бағалаған. Ерлі-зайыпты адамдарға арнап айтылған осы бір тамаша теңеу ғасырдың тереңінен толғанып, өмірдің бай тәжірибесінен шыққан болса керек. Бұрын «әйел теңдігі» ұғымы-мәселе болса, бүгінгі күні ол «гендерлік теңдік» деген үлкен саясатқа айналды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қоғамның даму барысын өмірде - нәзік, көңілде - биік, ал істе - мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес» деген болатын. Бүгінде әйелдер саясатта болсын, бизнесте болсын және экономиканың барлық секторында, шаруашылықтың әртүрлі салаларында болсын, ер-азаматтармен қатар еңбекке белсене араласып, өздерінің біліктілігін, қабілет-дарынын, іскерліктерін айқын көрсетіп келеді.
Қазіргі таңда ауданымызда Үкімет қаулысымен бекітілген стратегияны іске асыру жөнінде көптеген іс-шаралар жоспары орындалып жатыр. Стратегияда экономикадағы гендерлік теңдікке қол жеткізуге, әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көп көңіл бөлінген. Қазақстандағы әйелдер құқығы және ер мен әйел арасындағы теңдік идеяларын өз жұмыстары мен бағдарламаларына дәйекті түрде арқау етті. Гендерлік теңдікке қол жеткізу саласындағы ұлттық және халықаралық тәжірибені, әлем қауымдастығы елдерінің өркениеттік, діни және мәдени ерекшеліктерін жан-жақты және мұқият ескеруге негізделген саясат сабақтастық, прагматизм мен теңдестік қағидаттарына негізделіп, ұлттық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған.
Біздің ауданымызда да ер мінезді қайсар әйелдер жетерлік. «Әйел - бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербетеді», - деген дана сөз бекер айтылмаған. Қазіргі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық деңгейі өсуіне атсалысып, отбасының тыныштығы мен берекесін сақтап, жан-жақтылыққа бет бұрған әйелдердің ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектері орасан зор. Іскер әйел азаматшаларымыз әр саланың қыр-сырын меңгеріп, тәжірибесін көпшілікпен бөлісіп-ақ отыр. Олар қандай қызмет атқарса да, аналық құқығын гүлдендіре отырып, үлкен жауапкершілік пен сенімділіктің, жоғарғы кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, уақыт көшінен қалмай, болашаққа деген сенімнің зор ұйытқысы болуда.
Біздің ауданымыздағы әйелдер істері мен отбасылық демографиялық саясат жөнінде құрылған әйелдер кеңесі әр ұлттың ұйытқысының басын қосып, қоғамдағы түйткілді мәселелерді талқылап қана қоймай, шешу жолдарын ұсынуды әдетке айналдырған. Атап айтсақ, отбасындағы гендерлік теңдікке қол жеткізу және отбасын нығайту және отбасы тәрбиесінің рөлін арттыру мақсатымен «Шаңырақ шаттығы», «Жас отбасы», «Мерейлі отбасы» атты 3 байқау. «Жұмыссыздықтың алдын алу», «Отбасым және кәсіпкерлік», «Кәсібім нәсібім», «Неке бұзылуының себебі не?», «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат», «Ел болам десең, бесігіңді түзе», «Отбасым және кәсіпкерлік» тағы басқа тақырыптармен 12 кездесу үстел, 7 дөңгелек үстел, «Зорлықты тоқтатайық!» атты 1 акция, 2 семинар өткі-зілген. Қазіргі уақытта аудан көлемінде 197 000 адам тұрады. Оның ішінде - 101085 әйелдер (62 пайызын әйелдер құрайды). Ауданымыздан 1 әйел Алматы облыстық мәслихатының депутаты болып сайланса, аудандық мәслихаттың депутат қатарының 50 пайызын, 8 депутат әйел азаматшалардан сайланған. Ерлер мен әйелдердің атқарушы және өкілді билік органдарында, шешім қабылдау деңгейінде басқару процестерінде тең (паритетті) өкілдігіне қол жеткізу және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және жағдайын жақсарту, олардың қоғамдық-саяси өмірге тең негізде жан-жақты қатысуын арттыру мақсатында бірқатар істер атқарылған. Ауданның әр түрлi экономика салаларына 650 әйел жұмысқа орналастырылса, олардың 585-i ауыл тұрғындары. Ауыл шаруашылық саласы жұмыс істейтіндер саны - 23820, оның ішінде, әйелі - 10719. Ауданда жеке кәсіптерін ашып, шағын және орта бизнесті дөңгелетіп отырған азаматтар аз емес. Оның ішінде 2013 жылғы мәліметтер бойынша ауданда 3875 кәсіпкер әйел бар, олардың 687-і заңды тұлғалар, 2953-і жеке кәсіпкерлер, 235-і шаруа қожалықтары болса үстіміздегі жылғы саны - 40000-ға жетіпті. Жыл басынан жұмыспен қамту орталығында 520 әйелге жұмыспен қамту және оқыту сұрақтары бойынша кеңес берілген. Сонымен қатар 54 адам өзінің жеке ісін ашуға өтініш білдірсе, оның 28-і әйел азаматша. Оның ішінде 1-әйел шағын балабақша, 1-әйел тіс емдеу орталығын, 1-әйел техникалық жөндеу орталығын, 1-әйел жеке тігін цехын ашса, қалған 11-әйел ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігін ашып, 95 адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Оның 61-і әйел адам.
Ауданымыздағы кәсіпкерлердің жарты бөлігін әйел азаматшалар құрайды. Он екі жылдан астам уақыт аудандық кәсіпкерлер ассоциациясы қызмет етіп келеді. Ай сайын кәсіпкерлік бөлімімен бірлесе аудандық бизнес-семинарлар өткізіліп отырады. Жас кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бизнестің қырларын меңгеруге ықпалдасады. Ауданның 10 округінде кәсіпкерлер кеңестері құрылып, жұмыс жүргізуде. Округтердегі кеңестер ауылдық елді-мекендерде жеке кәсіпкерлікті дамытуға зор үлесін қосып отыр. Ауданның кәсіпкер әйелдері көптеген түрлі деңгейдегі іс-шаралар мен семинар, форумдарға белсене қатысып, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуды кеңінен насихаттап жүр. Әйелдер саясатта болсын, бизнесте болсын және экономиканың барлық секторында, шаруашылықтың әртүрлі салаларында болсын, ер-азаматтармен қатар еңбекке белсене араласып, өздерінің біліктілігін, қабілет-дарынын, іскерліктерін айқын көрсетіп келеді.
Иә, іскерлік пен ізеттілікті бір бойына жинаған әйелдер тек қоғамда іскер басшы, қайраткер ғана емес, шаңырақтың ұйытқысы, азаматтың аяулы жары, ата-енесінің ардақты келіні, ұрпақтың асыл анасы тұрғысында қадірлі.
.
|