БАСТЫ > 

 
 
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Күрті ауылдық округінде «Спорт – денсаулық кепілі» атты тақырыпта өткен волейбол жарысы 22.11.2016

       

19.11.2016 жылы сағат 14:00-де Ақши ауылындағы № 8 орта мектептің спорт залында, аудан көлемінде және Күрті ауылдық округ ардагерлерімен мекеме қызметкерлері арасында құралған командалар қатыса отырып Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай «Дәулет-Бекет» ЖШС-нің жүлдесі үшін волейбол спорт ойнынан жарыс өткізілді, жарысқа 8 команда қатысты:    № 8 орта мектептің командасы, Т.Бокин атындағы № 41 орта мектептің командасы, Күрті су қоймасы командасы, ауылдық аурухана командасы, №13 өрт сөндіру бөлімінің командасы, Ардагерлер командасы, Байсерке командасы, Электр торабы командасы.

Аталған шараға округ әкімі Д.Өгізбаев, аудандық маслихат депутаты «Даулет - Бекет» ЖШС-нің директоры С.Давлетов, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі, ауыл тұрғыны, ақын Ш.Мұханов, округ ардагерлер кеңесінің мүшесі В.Кузовлев, округ мекеме, ұйым басшылары мен қызметкерлері, ауыл ақсақалдары мен жеке кәсіпкерлер, «Күрті» БПҰ-ның мүшелері, ауыл жастары мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, барлығы 150-дей адам қатысты. Шара мемлекеттік гимінмен ашылып, округ әкімі Д.Өгізбаев, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі, ауыл тұрғыны, ақын Ш.Мұханов пен округ ардагерлер кеңесінің мүшесі В.Кузовлев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында өткізіліп жатқан шараға демеушілік көрсеткен «Даулет-Бекет» ЖШС-гі ұжымы мен басшылығына өз ризашылықтарын білдіріп, құттықтау сөз айтып, барша қатысушы командаларға сәттілік тілеп, ойынды жоғары деңгейде өткізуге барша қатысушыларды шақырды.

Жарыс соңында төрешілердің әділ шешімі негізінде 1-орынды Байсерке командасы иеленсе, 2-орынды № 8 орта мектептің командасы, ал 3-орынды № 13 өрт сөндіру бөлімі командасы иеленді. Жүлделі орынға ие болған, жеңімпаз командаларға Күрті ауылдық округ әкімі мен «Даулет-Бекет» ЖШС-гі директорының бірлесе қол қойған мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтары округ әкімі тарапынан табыс етіліп, жарысқа қатысқан басқа да командаларға өз алғысын білдірді.