Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау, «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету, отбасының қадір-қасиетін ұғынып, бір-біріне деген сүйіспеншілігін аттырып, бағалай білуге ұғындыру мақсатында, 6 қазан күні Чапаев ауылындағы Мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында бастауыш партия ұйымдары арасында аудандық «Ең үздік отбасы» байқауы өткізілді.
Байқауға барлық округтерден 9 отбасы қатысты. Байқауда әділқазылар алқасының төрағасы – аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы, аудандық Саяси кеңес Бюросының мүшесі Ә. Исаев әділқазылар алқасының мүшелері: аудандық мәслихаттың хатшысы, аудандық Саяси кеңес Бюросының мүшесі Р.Абилова, Чапаев ауылдық округі қоғамдық кеңес төрағасы О.Атамбаев, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, партия тобының жетекшісі Ұ. Жұмаділова, аудандық кітапхана меңгерушісі, партия тобының жетекшісі М. Жабиева отбасы мүшелерінің өнерлерін сараптап, әділ бағасын беріп отырды. Байқау беташарында әділқазылар алқасының төрағасы, аудандық ардагерлер ұйымының, аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты, аудандық Саяси кеңес Бюросының мүшесі Ә.Исаев құттықтау сөз сөйлеп, байқаудың маңыздылығына тоқталып, үміткерлерге сәттілік пен жеңіс тіледі. Байқауға қатысушы отбасылар өз отбасын таныстыру, білім, қолөнер шебері, өнер сайыстары бойынша өзара күш сынасып, өз өнерлерін көрсетті. Үш сағатқа созылған байқау өз мәресіне жетіп, байқау нәтижесі шығарылды. Тартысты өткен сайыста «Отбасымен таныстыру» номинациясымен Чапаев округі Нұрсейітовтер отбасы, «Білім сайысы» номинациясымен Қараой округі Сыдықовтар отбасы, «Қолөнер шебері сайысы» номинациясымен Междуреченск округі Сұлтақовтар отбасы, «Өнер сайысы» номинациясымен Жетіген округі Исаевтар отбасы, «Жеңіске деген жігер» номинациясымен Боралдай округі Қабланбаевтар отбасы, «Белсенді отбасы» номинациясымен Байсерке округі Шошаевтар отбасы марапатталды. Аудандық «Ең үздік отбасы» байқауында жүлделі III-орынға ие болған Энергетик округі Абуовтар отбасы, жүлделі II-орынға ие болған Ащыбұлақ округі Әбдіхалықовтар отбасы, «Ең үздік отбасы» байқауының жеңімпазы атанып, I-орынға ие болған КазЦИК округі Садықовтар отбасы марапатталады.
Отбасы құндылығын, өнегелі отбасы тәрбиесін дәріптеп, ел болашағы – әр отбасыдан басталатындығын паш еткен өнер-білім додасында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші, байқаудың жүлдегерлері мен жеңімпазы, номинация иегерлері атанған отбасы мүшелері аудандық партия филиалы төрағасы Қ.Медеуовтің мақтау грамотасымен, сыйлықтарымен марапатталды.


|