Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай аудандық Жастар ресурсы орталығы ұйымдастырған мерекелік іс-шара Ащыбұлақ ауылдық округі, М.Түймебаев ауылындағы орталық спорт алаңында үлкен дәрежеде аталып өтті. Бұл іс-шараға аудандық мәслихат депуттары С.Чатуев, Ғ.Дауталиев қатысты. Мерекеде сөз алған Ащыбұлақ округінің әкімінің орынбасары Қ. Бұғабаев жастарымызды құттықтап, өзінің ізгі ниетін білдірді.
«Қазақ елі қазіргі таңда қабырғасы қатайған, пікіріне халықаралық қоғамдық өкілдер құлақ асқан беделді мемлекетке айналды. Демек жастарымыз да соған сай білімді де білікті болуы керек», дегенді алға тартады шараны ұйымдастырушылар.
Мерекелік шара эстрада жұлдыздарымен аудан жастарының концерттік бағдарламаларымен жалғасын тапты. Бақай тобымен қазақ рэперлерінің бірі Ж.Ахмадиев келіп жастарды құттықтап, өз өнерлерін арнады. Аудан жастарының орындауында 500 жастан тұратын ауқымды флешмоб орын алды. Бағдарлама бойынша артынан бояу шашу (ЯРКОкросс) және су атысу ойындары болды.
«Тәуелсіздік біздің жастарды үлкен сенімге, болашаққа деген үлкен міндетті істерге және біздің ортақ үйіміз - Қазақ елінің егемендігін одан әрі нығайтуына жігерлендіретін болады. Біз, қала жастары өз кезегінде Елбасымыздың сарабдал саясатын қолдап, «Нұрлы жол - болашақтың бастар жол» Жолдауы мен «Мәңгілік ел» идеясын іске асыратын боламыз», - деп ағынан жарылды жастар орталығының мүшесі Н. Шарымканбет.
Қызықты да көңілді ойындар ойнатылып, белсенді жастарымызды бағалы сыйлықтармен марапаттады. Жастарымызға естен кетпейтін қызықты күн сыйлады.

|