Тіл мерекесіне байланысты мектебімізде айлық жоспары жасалынып, мектеп ұжымының міндеттері белгіленіп берілді. Айлық барысына жетекшілік жасау қазақ тілі мен әдебиеті пәндері ӘБ-не міндеттелді. Қажетті құжаттарды жинақтап, кітап көрмесін ұйымдастырып, «Тіл – елімнің тірегі» қабырға газетін мектеп кітапханасы меңгерушілері Б.А.Адамқаирова мен Г.М. Хузина ұйымдастырды. 5-8-сыныптар арасында «Тілім барда айтылар сөз ойдағы» атты қабырға газеттері конкурсы жарияланды. «Жас қанат» қабырға газетін жаңарту Ж.Маратова өз жауапкершілігіне алып, онда оқушылардың шығармашылығы мен мемлекеттік тіл – қазақ тілі туралы мәліметтер жариялады. Айлықтың бірінші күні толығымен салтанатты іс-шаралар ұйымдастыруға арналды. Екі ауысым бойынша салтанатты сап түзеулер өткізіліп, айлық жоспарымен таныстырылса, 5, 7- сынып оқушылары мемлекеттік тіл туралы тақпақ оқып, өз ойларын ортаға салды. Тіл мерекесінің ашылу құрметіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні ӘБ-нің жетекшілігімен «Тіл – халықтар достығының ұйтқысы» атты ұлттар фестивалі ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға оқушылардың қызығушылықтары мен белсенділіктері өте жоғары болды. Әр ұлттың тілінде өз топтарын таныстырып, өнерлерін көрсетті. Фестивальдің соңында барлық топтар бірігіп, «Атамекен» әнін музыка пәнінің мұғалімі Ж. Орынтаевтың жетекшілік етуімен хормен асқақтата шырқады. Әр топқа «Ең үздік таныстырылым», «Ең үздік музыкалық номер», «Ең үздік ұлттық киім» атауымен номинациялар және дипломдар табысталды. Сонымен қатар 5-11-сынып оқушылары арасында «Тілді құрметтеу – Отанды сүю» тақырыбына шығармалар конкурсы, «Тіл шебері» атты эсселер конкурсы ұйымдастырылды. Ең үздік шығарма 7 «б» сынып оқушысы Әдем Икембаеваның шығармасы, 11 «в» сынып оқушысы Хон Александраның эссесі танылды. Сонымен қатар орыс тілді сыныптар арасында «Қазақшаңыз қалай?» атты жарыс сабақ 7 «в», «г» сыныптары арасында өтсе, «Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты әдеби-музыкалық композициясын ағылшын тілі пәні мұғалімдері М.Мұсабекова, Э.Рысбаева 7 «а», «б» сынып оқушыларымен өткізді. Оқушылар өте жоғары белсенділікпен қатысып, ағылшын тілін меңгеруге деген құлшыныстарын көрсетті.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тілге деген көзқарасын таныстыру мақсатында тарих пәні мұғалімдері Б. Оспанбекова 8-сынып оқушыларымен «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты сынып сағатын өткізсе, 9-11-сыныптар арасында Т.Төрегелдиев «Көп тілді меңгеру – заман талабы», 5-8-сынып оқушылары арасында А.Аманғалиева «От идеи «Триединство языков» Н.А.Назарбаева до полиязычного образования в Казахстане», 9-11-сынып оқушылары үшін А.Ж. Салықбаева «Государственная языковая политика» атты баяндамаларын оқыды. Сабақ кестесіне сәйкес 1-4-сыныптарда жоспар бойынша сынып сағаттары өткізілді. Соның ішінде осы айлық аясында 4 «г» сыныбында «В мире языка», 4 «ә» сыныбында «Ана тілім – ардағым», 1 «а» сыныбында «Ана тілім - қызырым» тақырыптарында өткізген сынып сағаттары өте тартымды өтті. Сондай-ақ, 1 «а» сынып оқушылары ана тілі туралы тақпақтар айтып, тіл туралы мақалдармен танысты. 4 «ә» сынып оқушылары қысқаша көрініс көрсету арқылы ана тілі туралы өз білімдерін көрсете білді. Достық туралы ән айтып, өз өнерлерін көрсете білді. 4 «г» сыныбындағы сынып сағаты оқушылардың грамматикалық білімдерін шыңдауға арналды. Тыныс белгісі, оның қойылу ережесі туралы қызықты ойындар ойнап, жұмбақтар шешті. Ең тартымды да, қызықты өткен ертеңгілік өткізілген мектепке дейінгі орыс тілді даярлық тобындағы «Қазақшаң қалай, балақай?» атты ертеңгілік болды. Мектепке енді ғана келген балақандар орыс тілінде, қазақ тілінде тақпақ айтып, қазақтың ұлттық биі «Қара жорғаны» тамаша биледі. Ағылшынша да үйренгілері келетінін айтты. Сабақ кестесіне сәйкес 5-11 - сыныптар аралығында «Туған тілің - тұғырың», «Язык единства» тақырыптарына сынып сағаттары өткізілді. 7 «В» сыныбында өткен «Язык – душа народа» атты сынып сағаты достыққа, өзара түсінушілікке, көп тілді білуге шақырса, 8 «В» сыныбында өткен «День языков народов Казахстана» атты сынып сағатында көп тілді меңгерудің қажеттілігіне баса назар аударылды. 9 «б» сыныбында өткен «Тіл – достық көпірі» атты сабақта ана тілінің тазалығын сақтау басты мақсат екенін айтып өтті. Оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін, ұлттар достығын көрсете білу мақсатында 11 «в» сыныбы аралығында, 1-4-сыныптар арасында «Бір шаңырақ аясында», «Отаным – Қазақстан» тақырыптарында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мектеп психологы Д.Ирдимбекова 5-9-сынып оқушылары арасында «Тіл және Тәуелсіздік» атты сауалнама жүргізді. «Туған тілім, арнаймын саған әнімді!» деген атпен ең үздік ән, би, өлең айтқан оқушылардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл шараға айлық барысында өткізілген барлық конкурс, жарыс жүлдегерлері, белсенділік танытқан оқушылар мен сыныптар, сынып жетекшілері шақырылды. Үздік шыққан оқушылар мен сынып ұжымдары мақтау қағазымен марапатталып, естелік сыйлықтар берілді.
|