Үстіміздегі жылы еліміз қай сала болмасын көп жетістіктерге жетіп, халқымыздың жағдайы жақсаруда. Әлемді тербеткен – Мейірім дегендей, Мейірімділік адамдар арсындағы сыйластық, кеңпейілділік, жанашырлық. Осы ізгі ниетпен – Тәуелсіз еліміздің 25 жылдығына орай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы - «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті игі шара өткізді.
Іле аудандық бөлімшесінде биылғы жылы мемлекеттік қызмет атқаруда оң өзгерістер болып, келген азаматтардың көңілінен шығуда. Бөлімше аудан бойынша 43 төлем түрі бойынша зейнетақы және жәрдемақы алушыларға 1млрд. 525711,0 теңге қаржы төленіп, оған 18 маман өздерінің біліктілігімен, белсенділігімен сапалы мемлекеттік қызмет атқарып келеді. Алматы облысы бойынша «ӘТВЕО» департаменті ұйымдастырылған шара бойынша аудандық бөлімшедегі мүмкіндігі шектеулі жандарға материалдық көмек көрсетуді назардан тыс қалдырған емес. Соның айғағы есебінде, бөлімше тарапынан - 1-топ мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алушы, Іле ауданы, Покровка ауылының тұрғыны 21.04.1974 жылы туылған Джакупбаев Арман Токтасыновичке денсаулығына байланысты материалдық көмек көрсетілді.
Алдағы уақытта бөлімше ұжымы азаматтарға аянбай еңбек етеді деген сенімдеміз.