«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Қарттар күні» мерекесіне орай «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының тапсырмасымен «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының жетекшілігімен әр бастауыш партия ұйымы төрағалары қарттарды мерекелерімен құттықтады.
Қазақта «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»деген қанатты сөздер бар. Қарттарымыз біздің қазынамыз, байлығымыз, ол кісілерден алар үлгі өнеге, тәлім тәрбие де жетерлік. Мереке қарсаңында «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «50 тұлға» жобасына қатысушы Р.Абилова бастаған бастауыш партия ұйымы төрағалары, аудандық мәслихат, әкімдік, қоғамдық кеңес қызметкерлері ауданымыздағы ҰОС ардагерлерін, қарттарымызды төл мерекелерімен құттықтап, қал-жағдайларын біліп, сыйлықтар табыстады.
«Бізге қамқорлық танытып жатқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Сондықтан Сіздерге киелі Іле жерін басқаруда мол табыс пен асқақ абыройға жетулеріңізге тілектеспін. Қазақстандықтар бейбітшіліктің қанша қымбат екенін біледі, оны көздерінің қарашығындай қорғайды. Барлықтарыңызға тек бақыт тілеймін» - деді жасы 93 алқымдап қалған ҰОС ардагері Т.Толғамбаев атамыз.
«Жас Отан» ЖҚ мүшесі Қ.Құрманжанова өз сөзінде: « «Қариялы ел, қазыналы ел» демекші өз басым Сіздерді үлгі тұтамын, Сіздермен мақтанамын. Аудан жастары атынан бүгінгі төл мерекемен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын»-деп қарттарға жылы лебізін білдірді.
Мерекелік құттықтаудың жалғасы әр бастауыш партия ұйымдарында жалғасты. Қарттарға арналып мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Қарттар мерекені елеп құттықтап келген партия мүшелеріне алғысын білдіріп, ақ баталарын берді.
.jpg) .jpg) |