БАСТЫ > 

 
 
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ 15.11.2017

                    

«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кестеге сәйкес аудандық Ішкі істер басқармасының басшысы Т.Нұрғожанов қабылдау өткізді. Басқарма басшысының қабылдауына жеке мәселелері бойынша жазылған азаматтардың негізгі мәселелері азаматтық алу жағынан қиындықтар болса, Өтеген батыр кенті, «Қуат» ықшам ауданының тұрғыны А.Смағулова атты азаматша өзінің жалғыз басты ана екендігін және баласының не себепті істі болып қайта сотталып кеткендігін білмейтіндігін алға тартып, толық түсініктеме беруді, сонымен қатар өзінің денсаулығына байланысты жұмыс істемейтіндігін, жеке жалдамалы пәтерде тұратындығын, мүлде жалғыз қалғандығын, үйінде отын-судың да жоқтығын айтып көмек сұрады. Азаматша А.Смағулованың істі болған баласы жайлы толық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 178 ст. 2-бөлімі «Тонау» бабы бойынша істі болғандығы айтылып, Ішкі істер басқармасының көмегімен азаматшаның үйіне 3 тонна көмір түсіріліп берілді. Қоғамдық қабылдауға жазылған азаматшалардың мәселелері жедел түрде қаралып, қабылдауда болған Ж.Қамалованың барлық құжаттары жинақталып, азаматтық тапсыруға құжаттары өткізілді.
А.Смағулова өз тарапынан қиын сәттерде қол ұшын созып, көмек көрсетіп жатқан «Нұр Отан» пар-тиясына және аудандық Ішкі істер басқармасына ризашылығын білдірді.