Басты  - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 

 
 
 
ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ 07.07.2016

   
     

Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауы партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыруда қоғамдық қабылдау бөлмелері әділет органдары, адвокатура және нотариалдық палаталармен бірлескен «Әділет кеңес береді» акциясы аясында бірқатар іс-шараларды өткізуде.
Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы мен Іле аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Әділет кеңес береді» Республикалық акциясы өткізілді. Республика бойынша акцияның өткізілу мақсаты тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтық қоғамының ішкі құрылымында саяси белсенділікті қалыптастыру, азаматтардың жеке түсініктерді қалыптастыру мен жауапкершіліктерін сезіндіру, партия мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту және сенімділікті арттыру және қоғам мен билік арасында байланыс алаңын кеңейту, мемлекеттік құрылымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды арттыру және тұрғындардың жеке мәселері бойынша Заң негізінде кеңес беру болып табылады.
Акцияға аудандық Әділет басқармасының басшысы Р.Қыстаубаева, «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы кеңесшілері Т.Бірімжанов, Ж.Бекмухамбетова, сот орындаушы Ш.Шенгелбаев, жеке нотариус Е.Ахметов, аудандық мәслихат депутаты «Жас Отан» ЖҚ белсенді мүшесі Ғ.Дауталиев және БАҚ өкілдері қатысты.
Әділет басқармасының өкілдері жұртшылыққа құқықтық және заң баптары бойынша кеңес беріп, арыз-шағымдарын тыңдады. Қабылдауға келген Боралдай кенті, Ломоносов көшесіндегі №6 үйдің тұрғыны Веревкина Софья Пейсовна сот шешімі шыққандығын, бірақ әлі күнге дейін жеке мүлкін кепілдіктен шығара алмай жүргендігін айтып көмек сұрады. Азаматшаның арыз-шағымы тыңдалып, жеке мүлкін кепілдіктен шығаруға көмек көрсетілді. Мәселе оңтайлы шешілді. Сонымен қатар Өтеген батыр кенті, Титов көшесі 93 «а» тұрғыны Қайырбек Айдар Серікұлы өзінің жақында ғана «заңгер» мамандығы бойынша колледж дипломын алып, енді жұмыс іздеп жүргендігін айтты. Жас маманның арызы тыңдалып, «Жас Отан» ЖҚ тарапынан «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы және «Жастар іс-тәжірибесі» арқылы жұмысқа орналасуға ұсыныс айтылды. Жас маман таңдауы бойынша «Жастар іс-тәжірибесі» арқылы жастар орталығына жұмысқа орналастырылды. Бірнеше азаматқа Заң негізінде кеңес берілді. Жалпы акцияға 10 адам қатысты.
Айта кетерлік жайт, жергілікті тұрғындарға құқықтық көмек көрсету барынша нәтижелі өтті. Бұл күні аудан тұрғындары толғандырып жүрген бірқатар сауалдарына заң жүзінде толыққанды жауаптар алды.