БАСТЫ

 
 
 

ШЫРША ТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ

04.01.2017

 

Апта басында аудан әкімі Жаңа жыл қарсаңында жыл сайынғы дәстүр бойынша аудан көлеміндегі аз қамтылған отбасы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға Жаңа жылдық шырша жақты. Әсем Алматы шаһарындағы Ғ. Мүсірепов атындағы балалармен жасөспірімдер театрында өткен мерекеге жүзге жуық жас жеткіншек қатысты. Арнайы бүлдіршіндерді құттықтауға келген аудандық мәслихаттың хатшысы Р.Абилова барша балғындарды аудан әкімі Қ. Медеуовтың және өз атынан 2017 Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі ілтипатын білдірді. Қыстың сән- салтанаты ақ ұлпа қарды бейнелеген балалардың биімен шымылдығын ашқан шырша ажарын түрлі ертегілер кейіпкерлерінің бейнесін көрсеткен балғындар да аша түскендей. Театр әртістері дайындаған «Жаңа жылдық оқиға» атты ертегісін қойды.
Жүздері қуанышқа толған бүлдіршіндер Жаңа жыл кешінің басты кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақардың келуін асыға күтті. Көп аялдамай Аяз Ата, Ақшақар және Жаңа жыл иесі – Тауық та ортадан орын алып, мереке көрігін одан әрі қыздыра түсті. Балалар «жасыл шыршаны» айналып жаңа жылды жырлаған әсем әуезді әндерін әуелетіп би биледі. Барша балалар Аяз Атаға тақпақтарын оқып, әкімшілік пен демеушілер дайындаған Жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды. Шара соңында бүлдіршіндер құрметіне тәттілер және тағы басқа кәдесыйлар ұсынылды. Жүздері бал-бұл жанған балақайларды шара соңында Аяз Ата, Ақшақармен суретке түсіп жатты.