БАСТЫ > 

 
 
Іле аудандық «Үздік Бастауыш партия ұйымы» байқауының өткізілуі жайлы ақпарат 28.09.2017

        

       

2017 жылдың 27 қыркүйек күні сағат 10:00-14:00 аралығында аудандық партия филиалының мәжіліс залында  Іле аудандық «Үздік Бастауыш партия ұйымы» байқауы ұйымдастырылды. Бағалау төмендегі  критерийлер бойынша жүргізілді: партиялық жобаларды іске асыруға қатысу; ішкіпартиялық жұмыс;  партиялық жұмыста жаңа әдістерді пайдалану; азаматтық бастамаларды іске асыру; БПҰ қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; жастармен жұмыс; т.б.БПҰ-ы төрағалары 1 жылғы жұмыстарын бейне-сюжет, слайд, альбом-портфолио түрінде көрсетіп, өз белсенділіктерін танытты. Байқауға БПҰ-дары партия мүшелері саны бойынша 3 санат бойынша қатысып, 3 топта өз өнерлерін көрсетті. 7 адамнан құрылған әділқазылар алқасы әр топ бойынша БПҰ-ның  жұмыстарын бағалап,қорытындысын шығарды. Байқауға Алматы облыстық партия филиалының қызметкері Аналдинова Д.Қ. қатысып, сөз сөйледі. Әділқазылар алқасының төрайымы Абилова Р.М. қорытынды сөз сөйлеп, байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін  аудандық партия филиалының төрағасы Қ.Медеуовтың  атынан мадақтама грамоталарымен  марапаттады.

100-ге дейін партия мүшесі бар БПҰ-ы  арасында:

1-орын – «Даулет центр»БПҰ, 2-орын – «Қазақтелеком» БПҰ

100-ден-500ге дейін  партия мүшесі бар БПҰ-ы арасында:

1-орын «Казцик»БПҰ,2-орын «Алматы»БПҰ, 3-орын «Междуреченск»БПҰ

500-ден астам  партия мүшесі бар БПҰ арасында:

1-орын  -«Фирма Бент»БПҰ, 2-орын –«Чапаев»,3-орын «Іле аудандық орталық ауруханасы»БПҰ, 3-орынға-«Байсерке»БПҰ ие болып, грамота және сыйлықтармен марапатталды.Байқау барысында сонымен қатар, номинациялар бойынша  марапттау болып, номинацияларға төмендегідей БПҰ-дары ие болды: «Жаңаша безендірілген  БПҰ бөлмесі» номинациясы  - «Ащыбұлақ»БПҰ, «Партия топтарымен жұмысты жақсы ұйымдастыру» номинациясы – «Қараой» БПҰ,«Партиялық жобалармен жұмысты жаңаша ұйымдастыру  » номинациясы  - «Жетіген» БПҰ, «Қоғамдық ұйымдармен жұмысты ұйымдастыру» номинациясы – «Іле нұры» БПҰ, «Партиялық жұмысты БАҚ-да белсенді  жариялау» номинациясы –«Денсаулық» БПҰ, «Ішкі партиялық жұмысты  ұйымдастыру » номинациясы –«Күрті»БПҰ, «Қоғамдық-саяси шараларды белсенді ұйымдастыру» номинациясы – «ТЭЦ-3»БПҰ-ына  тапсырылып, грамоталар берілді. Байқау соңында партия жұмысына белсене атсалысқаны үшін Тлеумбетова К., Шамшекова Д., Абдрахман М., Поротиков В., Еламанова Б. мақтау қағаздарымен марапатталды.

         Әр санат бойынша байқау жеңімпазы  атанған БПҰ-дары Алматы облыстық партия филиалының «Үздік БПҰ» байқауына қатысуға жолдама алды.

 

 

 

 

 

 

 

Аудандық «Үздік БПҰ» байқауы әділқазылар алқасының төрайымы                                Абилова Р.М.