«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалдың мәжіліс залында «Волховгеология», «Білім бөлімі» ММ және «Аудандық жер қатынастар бөлімі» ММ, «Энергетик» бастауыш партия ұйымының партиялық топтарының қызметкерлеріне партиялық билеттерін тапсыруға аудандық Саяси кеңес бюросының мүшесі В. Син, аудандық партия филиалының сектор меңгерушісі С.Галимова және штаттан тыс кеңесші Т.Бірімжанов, «Энергетик» БПҰ хатшысы Қ.Сәрсембаеваның қатысумен жиын ұйымдастырылды. Салтанатты жиын барысында В.Син «Қазақстан - 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы жаңа әлеуметтік саясат тақырыбына тоқталып, тиімді әлеуметтік мемлекеттің жаңа моделі негізінде тиімді мемлекеттік аппарат құруды мақсат тұтатынын айтып, халыққа қызмет ету барысында қызметтің сапасының жаңа деңгейін көтерілуіне тілектес болды.

|