Басты  - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 

 
 
 
«ӘЛЕМДІК ЖҮГІРІС» ІЛЕДЕ БОЛДЫ 18.07.2016

   
           
Биыл 16 маусым күні Қытайдың Хайлар қаласында «Әлемдік жүгірісі» халықаралық жеңіл атлетикалық эстафетасы бастау алды.
Аталған эстафетаның мақсаты халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуды, бұқаралық спорт түрлерін дамытуды және салауатты өмір салтын насихаттайды. Барлық елдің спортшыларын ғана емес қоғамның белсенді азаматтарының басын біріктірген эстафета 15 шілде күні Өтеген батыр кенті арқылы жүгіріп өтіп, Қапшағай - Талдықорған - Семей - Өскемен қалаларына бет алды. Оны аудандық спорт бөлімі, Энергетический ауылдық әкімшілік аппаратының қызметкерлері және бір топ ауданымыздың белсенді жастары қарсы алды.
Қазақстан Республикасы бойынша эстафета үйлестірушісі Д.Оспанов: «Біз Қырғызстанның астанасы Бішкектен өтіп, қазақ жеріне табан тірегелі қосылып жүгіріп келеміз. Алдымен Алматыға атбасын тіредік. Одан кейін қабылдап алған жер Іле ауданы Сіздерге мың алғыс! Салауатты өмір салтын ұстану барлық адамзатқа ортақ. Дәл осы жерге дейін 500 шақырым болды. Алдымызда асқақ Астана қаласы тұр» - деді.
Эстафеташылар Өтеген батыр кентіндегі орталық саябақта сәл аялдап, аталмыш іс-шарадан алған оң әсерлерімен бөлісті. Игі-шарада алғы сөзді алған Энергетический округі әкімінің орынбасары Қ.Сарсенбаева: - «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына орай елімізде көптеген айтулы мерекелік іс-шаралар өткізіліп жатқаны көңілімізді қуантады. Міне, бүгінгі «Әлемдік жүгіру» эстафетасы соның бір айғағы.
Құрметті! Өтеген батыр кентінің тұрғындары Сіздерді Елбасымыз Н.Назарбаевтың өзі айтқандай салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын. «Әлемдік эстафетаны» бір адамдай қолдап, қолпаштап жатқандарыңызға шын жүректен алғысымды білдіремін. Эстафеташыларға зор денсаулық алған мақсаттарына қауіп-қатерсіз жетуіне тілектеспін» - деді.
«Әлемдік жүгіру» - ең ұзақ алау эстафетасы. 1987 жылы негізі қаланған ол бүгінде 6 құрлықта - Еуропада, Азияда, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Африкада және Австралияда 140-тан астам елде өткізіледі. «Әлемдік жүгіру» - спорттық-гуманитарлық шара, ол спортты, дене тәрбиесін және салауатты өмір салтын кеңінен таратуға, бейбітшілікке, достыққа, үйлесім мен бірлікке үндейді. Олимпиадалық стильдегі қатысушылар жанып тұрған алауды ізгі-ниет символы ретінде қолдан-қолға береді.
Біздің Өтеген батыр мен Байсерке ауылдық округінде небәрі 1,5 сағат уақыт қана мөлшерінде аялдаған эстафеташыларды белсенділік танытып, эстафета алауын күтіп алып, оларды құрметпен Қапшағай қаласына шығарып салды. Олар 28 күні Астана қаласында болады.