Басты  - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 

 
 
 
1 НАУРЫЗ - АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ! 01.03.2016

ХАЛҚЫМА РИЗАМЫН!
Мен әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие болдым. Бүгінгі таңда дүниеге келген қасиетті Іле ауданының тұрғындарына, оның ішінде Жетіген ауылына және спортқа келуіме өз ықпалын беріп, алғашқы бокстың қыр-сырын үйреткен жаттықтырушым Рахимов Болат Қанапияұлына алғысымды білдермін.


Назым ҚЫЗАЙБАЙ, бокстан әлем чемпионы.


Алғыстан басқа айтарымыз жоқ...
Біз Үсенова Шырын, Батырбек Жанна және Мерей Ақжолбаев бүгінгі күні мәдениет, өнер саласында өз орнымызды тауып, өнерімізбен ауданымызды республикаға, елімізді Халықаралық деңгейде танытып жүрміз. Бұл тұрғыда бізді ән айту шеберлігіне дайындап, сан алуан байқауларға қатыстырып, бағыт-бағдар берген Құрманғалиева Гүлмира апайымыз бен әуезді әндерімен тегін қамтамасыз еткен сазгер Питерцев Владимир Вениаминовичке алғыс білдіреміз. Отбасыларына амандық тілейміз. Өмір кемесінде кедергісіз алға жүзе берсін!


Болашағыма жол ашқан ұлағатты ұстаздарым.....
Әрқашан өнер, білім сайыстарына қатысып, жүлделі орындар алып, республикалық және халықаралық байқауларда мектебімнің және ауданымның абыройын асқақтатып жүрмін. Бұл мақсатта мектебімнің ұстаздарына және оқу-танымдық байқауларды өткізуге және ҰБТ-ға дайындау жұмыстарындағы қамқорлығын танытып жүретін Іле ауданы білім бөлімінің басшысы Каткеева Ляззат Жақыпқызына және дарынды сазгер Питерцев Владимир Вениаминовичке алғысымды білдіремін.


Нұршат ДАНАШ №30 орта мектептің 11 сынып оқушысы.


Тәжірибелі маманға құрмет
Біз «Қазпочта» қызметкерлері өзіміздің ұжымдас, аға буын әріптесіміздің еңбегі үшін, жас мамандардың білікті маман ретінде қалыптасуына тәжірбиесін бөлісіп жүрген Сакенова Күлімхан Байгазықызына алғыс білдіреміз.