Аудан әкімі Қ. Медеуов пен Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі С. Күзембаевтың жылдық есебі М.Түймебаев ауылындағы №20 орта мектебінің мәжіліс залында өтті.
Есепті жиында аудан басшысы мен округ әкімі округтегі орналасқан ірі компаниялардың жаңадан ашылып отырған жұмыс көздерімен мемлекет бюджетіне түсірген пайдасын сөз қылды. Одан кейін М.Түймебаев ауылы Ереванская көшесінің бойынан 600 орындық мектептің құрылысы мен Көкқайнар ауылы Бәйтерек көшесінің бойынан 600 орындық мектептің құрылысы, Төле би ауылы А.Қарсақбаев көшесінің бойынан 300 орындық мектеп құрылысы жайында толық әңгімелеп берді. Халықты әлеуметтік қорғау бойынша 390 жаңа жұмыс орны ашылса, 8 жас маман «Жол картасы» негізінде жастар тәжірибесінен өткен. Десе де, бүгінгі таңда округ ауылдарында аяқ-киім жөндеу, кілт жасайтын цехтар, киім-кешекті химиялық жолмен тазалау, банкомат, тұрмысқа қажетті техникаларды жөндеу шағын кәсіпорындар ашу қажеттілігі туындап отыр.
Бұл округте «Сыбаға» бағдарламасы да дұрыс жолға қойылған. Мысалы, округтегі «К. Жарболов» шаруа қожалығы мемлекеттен несие алып, 63 бас ірі қара мал сатып алды. Сонымен шаруа қожалығында мал санын 85 басқа жеткізсе, Н.Салиханова басқарған «Анжела» шаруа қожалығы 76 бас ірі қара, оның ішінде 68 басы сауын сиырлар бағып отыр. Бұл қожалық заманауи технологияларды пайдаланып, майлылығы жоғары сапалы өнімдерімен аудан және Алматы қаласы тұрғындарын, ауданның сүт асханасын қамтамасыз етіп отыр.
Жиын соңында аудандық мәслихат депутаты С.Чатуев, Іле ауданының «Құрметті азаматы» К.Қасымбеков, Ардагерлер кеңесінің төрайымы Г.Кұлымбаева, «Первый Пивзавод» ЖШС-нің инженері К.Байзақов, №36 орта мектептің директоры И.Қызайбеков, Ардагерлер кеңесінің мүшесі, ақын Махмұтқан Ниязбекұлы сөз сөйлеп, өлең-шумақтарымен әкімнің жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді. Есептік кездесуде округ тұрғындары тарапынан аудан және округ әкімдерінің жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берілді.
|