Басты  - ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ - ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ
 

 
 
 
САУДАЛАП АЛҒАН ЖЕМІСІҢ НИТРАТСЫЗ БОЛСЫН! 12.04.2016

Көктем келіп, елдің аңсары көк жеміске ауа бастаса болды, базар саудагерлері көрші аспан асты елінен қорап-қорап жеміс-жидектің түр-түрін тасымалдай бастайтыны ешкімге жаңалық емес. Елімізге, оның ішінде аудан көлемінде көк алмалар мен мандарин, банан, секілді күнделікті қолданатын жемістеріміздің құрамында нитраты жоғары болуы мүмкін.
Осы мәселенің егежей-тегжейін анықтау үшін аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бөлім басшысы К.Пересторонина мен бас маман Қ. Асамбаева аудандық сараптама орталығымен біріге отырып, «Сапалы өнім – болашақ кепілі» атты акциясын Өтеген батыр кентіндегі «Биля» сауда орталығында өткізді.
Акцияның негізгі мақсаты - көкөністер мен жеміс-жидектердің сапасын және нитратсыз болуын қатаң бақылауға алу болатын.
Жеміс-жидектер мен көкөністерде нитраттың көп болуы адам ағзасына зиян. Аталмыш улы заттан улану фактісі тіркелмесе де алдын алу шарасын өткізді. Қуантарлығы біздің өңір таза болып шықты. Алайда аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы сақтық шараларын жалғастыруда.
«Биля» базарында өткен акцияға қызығушылар қарасы мол. Тұтынушылар сатып алған көкөніс пен жеміс-жидектерін нитрат қоспалары бойынша сынамадан өткізді. Сынақта сатып алушылармен қатар сатушылар да өз өнімдерінің құрамын біліп алды.
Сатушылар: Біздің ойымызша қандай өнімді пайдаланып жүргенін тұтынушылардың білгені жөн. Нитраты бар ма, зиян ба? Осылай тексеріп тұру керек. Міне, қазір акция болып жатыр. Тексеріліңіздер. Банандарымыз бен алмаларымыздың денсаулыққа зияны бар ма, жоқ па? Сертификатымыз бар. Сатып алуға да, сатуға да болады. Тап-таза жақсы екеніне көз жеткіздік.
Бұл акция осы көктемде бірінші рет өткізілуде. Шараға аудандық зертхана орталығының бас мамандары қатысып, сараптама жасады. Нәтижесінде, бақша өнімдерінде нитрат нормасының сақталғаны анықталды.
К. Пересторонина аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының бөлім басшысы: Акция мақсаты - халықты сапалы, қауіпсіз өнімдерді сатып алуға дағдыландыру. Бұл - бірінші мәселе. Екіншіден - акция ақысыз өткізіліп жатыр. Тексеру барысында техникалық регламент бойынша нормаларға сәйкес келді.
Акция барысында сала мамандары тұрғындарға тамақтануға қатысты да тегін кеңес берді.
А. Атамбаев, тұтынушы: Бұл акцияның маңызы зор. Өйткені, тұтынушылар құқығы қорғалып жатқанына қуаныштымын. Әсіресе мына нитротестер құралының пайдасы көп екен. Мен мұндай құрылғыны өзіме сатып алғым келеді. Өзіңмен бірге дүкенге алып жүрсең тиімді.
Бұл нитратестер құралы. Осы арқылы көкөністер мен жеміс-жидектер нитратын анықтауға болады. Мамандардың айтуынша, азот қышқылының көп болуы адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Аталмыш акцияны алдағы уақытта әр демалыс сайын өткізбек.