Семей қаласында орналасқан «Тарланда» спорт кешенінде 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері Азамат Сайынұлын еске алуға арналған Республикалық турнирі өткізілді. Аталған турнирге ауданымыздың КазЦИК ауылдық округінен 6 оқушы, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен 12 оқушы қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізді.
Атап айтсақ, 32 келі салмақ дәрежесінде Вайцел Владислав І-орынды, 34 келі салмақ дәрежесінде Бейбарыс Даниярұлы І-орынды, Бекжан Бауыржанұлы І-орынды, 36 келі салмақ дәрежесінде Асхат Абылай І-орынды, Рахат Айдарбек І-орынды, Ерасыл Аббас ІІ-орынды, Нұрдан Досқонаев ІІ-орынды, 42 келі салмақ дәрежесінде Диас Совет ІІІ-орынды, 52 келі салмақ дәрежесінде Иса Жақсыбай І-орынды иеленді. Турнирдің командалық есеп қорытындысы бойынша ауданымыздың Іле командасы І-орынды қанжығасына байлады. Бәрекелді жарайсыңдар!
Жаттықтырушылары: Нұрлан Мұсабаев, Дархан Қабланбаев, Алмат Пірмханов.
|