БАСТЫ > 

 
 
Күрті ауылдық округінде отбасылық бизнесті дамыту мәселесі бойынша кездесу өтті 31.01.2018

                      

31.01.2018 жылы сағат 11.00-де округ әкімдігінің ғимаратында отбасылық бизнесті дамыту мәселесіне қарастырылған жеңілдетілген негіздегі несие алу мәселесі бойынша ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Аталған кездесуге округ әкімі Д.Өгізбаев, «Боролдай агро-несие» ЖШС-нің директоры А.Жанабекова және ауыл тұрғындары, округ ардагерлер кеңесінің, әйелдер істері және отбасылық демография жөніндегі кеңестің мүшелері, жеке кәсіпкерлер мен жеке шаруа қожалық иелері, «Күрті» БПҰ-ның мүшелері, ауыл жастары мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, барлығы 45 адам қатысты.

Кездесу барысында «Боролдай агро-несие» ЖШС-нің директоры А.Жанабекованың тарапынан «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасына сәйкес «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жобасы негізінде ауыл тұрғындарына отбасылық бизнесті дамыту, мал шаруашылығымен шұғылдану және ауылшаруашылық кооперативтерін құру үшін жеңілдетілген пайыздағы шағын несие берілетіндігі, бағдарламаға қатысу арқылы несие аламын деуші кәсіпкерлер мен өз ісін бастаймын деген ауыл тұрғындарына қосымша табыс табу мүмкіндігінің ашылатынды жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, несие алудың шарттары таныстырылып өтті.