Чапаев ауылдық округы бойынша Елбасы Н.Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілету және Семей ядролық сынақ алаңының жабылуына 25 жыл толуын атап өту мақсатында Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ақ орамал» акциясы аясында «Біз бейбітшілікті қалаймыз» атты жастар форумы өтті.
Форум барысында ауылдық кітапхана «Ақ орамал - бейбітшілік пен достықтың, мейірімділіктің белгісі», «Бейбітшілікті қалаймыз» тақырыптарына кітап көрмелерін ұйымдастырды. Форумға қатысқан ақ жаулықты аналарымыз бен ауыл жастары «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – бейбітшілікті сақтаудың нақты бағдарламасы», «Бейбітшілікті бағалайық», «Біз бейбітшілікті қалаймыз» тақырыптарына баяндамалар жасап, өз ойларын ортаға салды. Жастардың пікірінше, манифест әлемдік қауіпсіздік пен адамзаттың бейбіт өмірі үшін жасалған маңызды бастама.
Бүгінгі таңда әлемде болып жатқан қақтығыстар адамзаттың өз қолымен жасалып жатқанына тағы да көз жеткізді. Жастар осыған орай, әр адамды жасына, этностық немесе діни көзқарасына қарамастан, болашағын соғыссыз елестеткісі келеді.
Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясаткерлігінің арқасында бұдан 25 жыл бұрын, әлемде алғашқылардың бірі болып, Семей ядролық сынақ алаңының жабылуына қол жеткіздік. Ақ жаулықты аналарымыз Семей сынақ алаңының өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлкен зиян келтіргені, ал болашақта денсаулықтың дұрыс қалыптасуына бейбіт өмірді таңдау керек деп, «Ақ орамалдың» киесін түсіндіріп, ұлтаралық татулық пен келісім жайлы талқылап, қазіргі заманда ядролық энергияны бейбіт мақсатта қалай пайдалануға болатыны жан-жақты түсіндірілді
Форум соңында жастардың концерттік бағдарламасы көрсетілді.
|