Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев соңғы жылдары жергілікті өзін-өзі басқару мәселесіне соңғы жылдары баса назар аударып жүргендігі баршамызға белгілі. Елбасымыздың мамыр айында ұсынған «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 97, 98, 99 азаматтардың қадамдарында жергілікті өзін-өзі басқаруы мен қоғамдық Кеңестердің өкілеттіктері жайында кеңінен айтылғандығы осының айқын дәлелі. Бұл орайда Іле ауданының елді мекендерінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың алғы шарттарының осыдан үш жыл бұрын жасалынғандығын ерекше мақтанышпен атап өткім келеді. Мұның өзі сайып келгенде заман талабынан туындап отырғандығын ілеліктер дер кезінде ұғынды. Атап айтсақ, «Алматы облысы Іле ауданы қоғамдық Кеңестерінің әлеуетін жоғарылату» жобасы ҚР Тұңғыш Президенті Қорының қолдауы және Іле аудандық мәслихатымен тығыз өзара іс-әрекет жасауы нәтижесінде жүзеге асырылуда. Ең басында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының басшылығы мен «Болашақ» базис азаматтық қоғамдық бірлестігі отырып, ауданның барлық елді мекендерінде жиын өткізіп, қоғамдық Кеңес құрудың маңыздылығын түсіндірді. Бұл іске аудандық мәслихат депутаттары белсене қатысты. Сөйтіп, әр елді мекенде қоғамдық Кеңес, көше комитеттері құрылып, олар аудандық қоғамдық Кеңес маңына топтастырылды.
«Аймақ» Өңірлік дамуға ықпалдасу қорының көмегімен қоғамдық Кеңестердің белсенді мүшелерін оқытуды бастағанымызда, біз халыққа түсіндіру және ақпарат беру жұмысын алдын ала жүргізгенде қоғамдағы көптеген мәселелердің алдын алуға болатынын түсіндік. Ал бұл үшін, белсенді адамдар командасын жұмылдырып, оларды оқытудың және өздерінің әл-ауқаттары мен тұратын жеріндегі өмір сүру сапасын жақсарту үшін жұмыс істейтін ауыл тұрғындарын ынталандырудың маңызы зор екендігіне көз жеткіздік.
Бүгінгі таңда біздің ауданда қоғамдық Кеңес төрағаларының аудандық мәслихаттың сессиясына және тұрақты комссиялар отырысына белсене қатысуы тәжірибеге айналған. Өз кезегінде аудандық мәслихаттың депутаттары қоғамдық Кеңес мүшелерімен кездесіп, жергілікті маңызы бар мәселелер жөніндегі ұсыныстар бойынша пікір таластырады. Осылайша, ауданның депутаттық корпусы мен қоғамдық Кеңестер арасында жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі жұмыс тығыз байланыста жүргізілуде.
Аудандық мәслихат қоғамдық Кеңестердің жұмыстарын үйлестіруші әрі үлгілі қоғамдық Кеңес жұмыс тәжірибесін кеңінен тарататын және осы мақсатта бағыт беретін орган болып табылады.
Е.ТҰРЫМБЕТОВ,
Іле аудандық мәслихат хатшысы.
|