Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай дәстүрлі шаралар, кездесулер, акциялар, спорттық сайыстар жоғары деңгейде өткізіліп жатыр. Партиялықтар да бұл мерекені ерекше толғаныспен қабыл алып, жергілікті жерлерде шаралардың сапалы, толыққанды өтуіне белсенді атсалысуда.
2018 жылдың 6 маусым күні Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Арбат көшесінде «Нұр Отан»партиясы Іле аудандық филиалының ұйымдастыруымен Елорданың Алматыдан Астанаға ресми көшуінің 20 жылдығына орай «Веложарыс-2018» шеруі өткізілді. Бұл шараға аудандық партия филиалы, БПҰ-дары, партия белсенділері, «Жас Отан»ЖҚ, БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы құттықтау сөз сөйлеп, мерейлі мерекенің маңыздылығына тоқталды.
«Астана – Елордамыздың жүрегі. 20 жыл ішінде толысқан Елордамыз дүние жүзілік аренадағы маңызы зор саяси шаралардың өтетін ордасы бола білді. Қарыштап дамыған 21 ғасырдағы Астананың еліміздің гүлденуіндегі ролі ерекше зор», - деді аудандық филиал төрағасының орынбасары Ерболат Сапарұлы.
Салтанатты шара концерттік бағдарлама және естелік фотосуретке түсумен аяқталды.

|