Бала – қоғамның болашағы. Мемлекетіміздің желкілдеп өсіп келе жатқан бүлдіршідерінің жарқын өміріне қажетті жағдай жасау әрдайым бірінші кезектегі мәселе болып саналады.
Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын сауықтырылуы және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында аудандық білім бөлімінің нұсқауымен №12 орта мектеп жанында «Балдаурен» жазғы сауықтыру алаңында 10 күндік жазғы демалыс алаңы ұйымдастырылды. Алаңның төртінші ауысымында 4 топ жұмыс жасап, 100 бала демалыс күндерін қызықты өткізді. Жазғы демалыс алаңының ұйымдастырылу мақсаты – алаң жұмысының жүйелі орындалуы арқылы балаларды азаматтық ұстанымға, отансүйгіштікке, инабаттылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстануларына үлес қосу жұмыстарын жандандыру. Бұл істе алаң жұмыстарының дамуына қолайлы жағдайлар жасалып, тәрбие бағытын жан-жақты дамытуға мүмкіндік беретін жоспарлар құрылды.
Мектеп жанындағы алаңда қызымет ететін мұғалімдердің белсенді жұмыс жүргізуінің нәтижесінде көңілді іс-шаралар ұйымдастырылып, балалар қызыққа кенелді. Алаң жетекшісі Ғ. Маметбаеваның ұйымдастыруымен «Ақниет» тобыың аға жетекшісі Р. Оспанова, «Сұңқар» тобының аға жетекшісі Г. Тайырова, «Өнеге» тобының аға жетекшісі Л. Нұрманбетова, «Балауса» тобының аға жетекшісі Л. Шойынбековалар балалар үшін алаң өмірінің қызықты өтуіне белсене атсалысып, думанды шаралар ұйымдастырып, ата-аналардың алғысын алды.
Тәрбиешілер балалармен жоспар бойынша «Биле бүлдіршін» би жарысы, «Өрт – тілсіз жау», «Сурет сайысы», «Эстафеталық ойындар», «Мақал – сөздің мәйегі» атты топтық жарыстар, «Таза ауау – жанға дауа», «Қызыл, жасыл, сары» атты көңілді старт тақырыбында сайыс, әңгіме, жарыс, байқаулар өткізді. Жаздың қызықты демалысы осылай жалғасуда. «Балдаурендегі жаз жаймашуағы көңілді, әрі қызықты.
|