2016 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев «Азаматтық бақылау» жобасының аясында қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдаудың өтуіне ықпал еткен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты ұтып алған «Innovation-Koldau» қоғамдық қоры болды.
Қабылдаудың өтетіндігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарына және әлеуметтік желілерге алдын ала хабарлама берілген.
Қоғамдық қабылдауға түрлі арыз-шағымын арқалаған 14 адам келді. Сұрақтар негізінен шағын және орта бизнесті қолдау, жер мәселесі мен баспана дауы, салық сұрақтары мен ауылдың әлеуметтік мәселелері турасында болды. Айтылған арыз-тілектер назарға алынып, шағымдары тіркеліп құзырлы органдарға жолданатын болды.
Қабылдауға түрлі саланың басшылары мен орынбасарлары және ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

|