Басты  - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 

 
 
 
КӘМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛУЫҢМЕН
АСТАНА!!!
12.07.2016

   
      «КазЦИК» ауылдық округінде «Астана күніне» арналған арнайы мерекелік іс-шара өткізілді. 18-ге толған асқақ Астана күнінде жаңадан тағайындалған округ әкімі жас та болса бас болған Айдарбек Жасымбеков мерекені дзю-до, футбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, кір тас көтеру сынды түрлі спорттық ойындарды ұйымдастырды.
Орталық алаң безендіріліп, қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар сауда нүктелері қойылды. Мерекеге ауыл тұрғындары, ардагерлер мен округ жастары, мешіт имамдары қатысты. Бастауыш партия ұйымының төрағасы А.Жасымбеков, Іле ауданының мәслихат депутаты Ж.Бейсембаев, ақсақалдар алқасының төрағасы М.Джамилов ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, тілектерін білдірді. Мереке концерттік бағдарламаға ұласты. Осынау іс-шараға атсалысып, демеушілік көрсетіп жүрген «Өрлеу» мәдениетті дамыту орталығы тәрбиелеп отырған кішкентай бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, спорттық шеберліктерін ортаға салды.
Ауыл шетіндегі алаңда ауыл азаматтарының ұйымдастыруымен округтен 13 команда жиналып, шағын футбол ойнады. Оған «Әділхан» мешіті, № 03825 әскери бөлім екі команда шығарды. Жарысқа №55065, №16194 әскери бөлімдері, қалалық «Қазпочта» филиалы, «Саф» шыны шығаратын кәсіпорын, «Дизи» сусынын шығаратын кәсіпорын, Комсомол, КазЦИК, «Рикс» сусын шығаратын кәсіпорындарының командалары қатысты. Осы тартыста үздіктер анықталып І-орынды №16194 әскери бөлімі қанжығасына байлады. Ал ІІ-орынды «Әділхан» мешіті, ІІІ-орынды №03825 әскери бөлімі иеленді. Жеңімпаздар мереке соңында марапатталып, оларға сыйлықтар табыс етілді.
Айта кетейік, қазір КазЦИК ауылдық округінің аумағы кеңейтілгелі бері қоғамдық іс-шараларды немесе атаулы ресми мерекелерді кеңінен атап өтіп, үлкен жарыстар мен турнирлерді ұдайы өткізуге үлкен мүмкіндік туды.
Әсіресе ауыл жастарын тәрбиелеп, оларды салауатты өмір салтына бағыттауда аталмыш округ аудан көлемінде алдыңғы қатарда тұр. Атап айтсақ, ашық аспан астында орталық алаңда үстел теннисі жарысы жиі ұйымдастырылып, спорт шебері, жаттықтырушы А.Мухаметулла бастаған дзю-дошылар аудандық жарыстарда жүлделі орындарды алып жүр. Қыздар арасындағы бокстан үлкен салмақта 14 жасар Ельдана Талиповаға аудан көлемінде шақ келер ешкім жоқ. Жоғарыда айтылып өткен «Өрлеу» мәдениетті дамыту орталығында бүгінде түрлі спорттық салада 20-дан астам бала тәрбиеленіп жатыр. КазЦИК аяқ допшыларды өз деңгейінде өнер көрсетіп жүр. Былтыр жоғарғы лигада өнер көрсетіп, V-орынды місе тұтты. Бұл да болса ауыл жастарын спортқа қызықтыру салауатты өмір салтына үгіттеу болып саналатыны сөзсіз.
Болашақта аталмыш округтен патриоттық тәрбиеге қанық, салауатты өмір салтын ұстанған өрелі жастардың көптеп шығатынына сенім мол.