Боралдай кенттік округінің «Боралдай минералды су» сауықтыру кешенінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Туған жерге туыңды тік» тақырыбында аудандық интегралды-тәжірибелік форумы өтті.
Форумға ауылдық, кенттік округ әкімдерінің спорт және туризм саласына жауапты орынбасарлары, мамандар, спорт әдіскерлері, қоғамдық кеңес жетекшілері, этномәдени ұйым жетекшілері, аудан мектептерінің мұғалімдері, жастар жетекшілері, барлығы – 87 адам қатысты.
Бағдарлама бойынша форум қатысушыларына, қонақтарға арналған Боралдай кенттік округінің «Боралдай минералды су» демалыс кешеніне ақпараттық-экскурсиялық тур өткізілді және «Туған жерге туыңды тік!» тақырыбындағы танымдық стенділер, буклеттер, қолөнер көрмесін тамашалады.
Форум жұмысының барысында «Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің» басшысы Қ. Ортыбаев Қазақстан Республикасы туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» қаулысын, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын «Туған жер» бағдарламасын іске асыру, Алматы облысының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Алматы облысында туризмді дамытудың мастер-жоспарының және оны жүзеге асыру бойынша 2014-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы» №557 қаулысында белгіленген іс-шараларға байланысты Іле ауданында орындалуы және жергілікті туризмді дамыту бойынша алға қойған міндеттері мен тапсырмалары туралы айтып, іс-шара жоспары бойынша Іле ауданында туризмді дамытуды жандандыру мақсатында:
1. Ауданда туризм инфраструктурасын дамытып, кеңейтуде инвестиция тартуды жоспарлы жүргізу.
2. Туризм мен демалу индустриясының жаңа технологиялық сервистік қызмет көрсету нысаналарын, этно-ауылдар жасауды іске қосуда «Жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамыту және кеңейту.
3. Ауданда кәсіптік, ауылшаруашылық (балық аулау, аң аулау туризмі), экологиялық, қоғамдық-танымдық туристік маршруттарды іске қосу.
4. Аудандағы туристік нысандарды статистикалық есепке алу жұмысын жандандыру негізінде нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар төмендегі тақырыпта туристік жобалар қорғалды:
1. «Іле ауданында туризмді дамыту жолдары» «Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің» бас маманы Улту Данашқызы Жарқынбек.
2. «Бурундайские минеральные воды - возможность отдохнуть с пользой для здоровья в термальной минеральной воде» – «Боралдай минералды сауықтыру» кешенінің басшысының орынбасары Бақтығали Айдарбеков.
3. «Боралдай кентінің туристік бағыты» Боралдай кенті әкім аппаратының спорт жөніндегі әдіскер- нұсқаушысы Бектурганова Жанар Жасұзаққызы.
4. «Боралдай тарихы сыр шертеді» К.Әзербаев атындағы №15 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Райымқанова Ақмарал Райымқанқызы.
5. «Боралдай кентінің топырағының құрамы №40 орта мектептің жетекшілері: Кенженғалиева Феруза, Шырай Ахметкулова.
Оқушылары: Феруза Сакенова, Дана Сейлхан ғылыми жоба жұмысын қорғады.
6. «Рекрационные объекты и туристические маршруты Илийского района» №17 орта мектептің география пәнінің мұғалімі Штильман Наталья Антоновна Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыруда аудандық интегралды-тәжірибелік форумын өткізу миссиясы КазЦИК ауылдық округіне тапсырылды.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында өткізілген «Туған жерге туыңды тік» аудандық интегралды-тәжірибелік форум жұмысының жоғары деңгейде өткізілуіне қосқан үлесі және жергілікті туризмді дамытуда көрсеткен кәсіби біліктілігі үшін белсене қатысқан қызметкерлерге Іле ауданы әкімінің және «Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Форум жұмысы Боралдай кентінің жас өнерпаз-дарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.
Ұ. ЖАРҚЫНБЕК,
«Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бас маманы
|