Ауданымыздағы КазЦИК ауылдық округіндегі Комсомол ауылындағы Әуе шабуылына қарсы №97617 әскери бөліміне Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу үшін оңтүстік Қазақстан облысынан жас сарбаздар «Көктем - 2017» бұйрығы бойынша үш жүзге жуық жас жауынгер келіп, мемлекеттік Ту алдында ант берді.
Іс-шараға Іле ауданы әкімінің орынбасары С.Ерекешев, Әуе шабуылына қарсы №97617 әскери бөлімінің генералы Қ.Сыдықов, осы әскери бөлімнің полковнигі Д.Кулик, подполковнигі Б.Цыпленков қатысып, жастарға ізгі тілектерін білдірді. Аудан әкімінің орынбасары С.Ерекешев жас сарбаздарды құттықтап, «Ант» қабылдау күніне орай әскери бөлімге аудан әкімі Қ. Медеуовтың атынан арнайы сыйлық ретінде телевизор табыс етті.
- «Біз бүгін өз тағдырын Отан қорғауға арнаған азаматтардың Әуе шабуылдаушыларына қарсы бөліміне алынуына байланысты жиналып тұрмыз. Сарбаздар Отан алдындағы Конституциялық борышын өтеу үшін ант қабылдап, елді қорғау қызметіне кірісетін болады. Бүгінгі шара айрықша мән мен мағынаға ие. Тәуелсіздікке қол жеткелі бері Елбасы саясаты арқасында қауіпсіздік күштері нығайтылу үстінде. Азаматтардың әскери міндетін орындауына барынша жағдай жасалған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, армия әрдайым сақадай сай болуы тиіс. Бұл - мемлекет қойып отырған міндет. Сарбаздар лайықты Отан қорғаушылар болады деп сенемін», - деді №97617 әскери бөлім командирі Д.Кулик.
№97617 әскери бөліміне келген жас сарбаздың бірі – Ғ.Шамыл мен С.Шаихиринов Әскери өмірдің ер азаматқа берері көп. Ер азаматтарды байсалдылыққа, сабырлыққа, төзімділікке тәрбиелеп, рухын, ерік-жігерін көтеріп, биік жетістік, шыңдарға жетуіне үлкен үлесін қосады. Бүгінгі күн біз үшін өте маңызды. Қарулас достарымды Ант қабылдау күнімен шын жүректен құттықтаймын, биік жетістікке жетуіне тілектеспін!
Ұлын әскерге шығарып салуға келген ата-аналар П.Ахметова, Г.Асанова: - ұлдарымыз әскерге барамын дегенде не қуанарымызды, не жыларымызды білмедік. Көз алдымызда жүргені дұрыс еді. Бірақ өздері шешім қабылдаған соң қарсы болмадық. Бір жыл өте шығады ғой. Отан алдындағы міндетін өтеп, аман-есен ортамызға оралса деп тілейміз, – деді.
Енді жас сарбаздар бір жыл бойы Әуе шабуылдаушыларға тосқауыл қоюды жан-жақты үйреніп, арнайы сабақ алатын болады.
|