Басты  - МӘҢГІ ЕСІМІЗДЕ
 

 
 
 
МӘҢГІ ЕСІМІЗДЕ
07.04.2015

«Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл соғыста жеңіске жол ашты» - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткізген басты қасиетті атап өтті. Ұлы Отан соғысы жайлы бірсыпыра айтып өту мүмкін емес. Қаншама ата-бабаларымыз, апа-ағаларымыз осы жеңіс үшін аянбай соғысып, жандарын қиды. Бұл соғыс адамзат тарихында ең сұрапыл, әлемді дүр сілкіндірген, жан түршігерлік қанды қырғын болды. Ұлы жеңіске еліміздің барлық халықтың жеңіске құштарлығының арқасында, береке-бірлігінің арқасында елімізді, жерімізді, Отанымызды сақтаймыз, – деп жан аямай соғысып, жан аямай еңбек еткенінің арқасында қол жеткіздік. Сондықтан да, бұл мереке адамзатқа, олардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш, ортақ жеңіс! Осы орайда біздің мектебімізде Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған әскери әндер байқауы өтті. Бұл байқаудың мақсаты соғыс кезінде айтылған, дүниеге келген әндердің адам жанына қаншалықты дем беріп, рухтарын көтергенін көрсету болды. Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.А.Билибаеваның жетекшілігімен ұйымдастырылған бұл байқауға мектептің орта буын оқушылары қатысты. Ерекше атап өтетін болсақ Серік Рамазан «Алға Қазақстан», «5 «а», 5 «б» сынып оқушылары «Три танкиста», «Катюша» өлеңдерін ерекше сезіммен айтты. 6 «ә» сынып оқушысы Мақсатқызы Салтанат «Әлия» әнімен көңілді толқытса, 10 «б» сыныбы «Атамекен» әнімен тебіренте білді.
«Ер есімі – ел есінде», - демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ.