БАСТЫ

 
 
 

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР - ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

03.05.2017

 

Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын-қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен. Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті, ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Гимн, Туын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді.

Қазақстан Республикасының Рәміздеріне - 25 жылдық мерейтойына байланысты мектебімізде жоспар бойынша іс-шаралар өтіп жатыр. Мектеп кітапханасында кітапханашылар - А.Абижанова, А.Елбаева кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесі «Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздік айғағы», «Мемлекеттік рәміздерге құрмет» бөлімінен тұрады. Мемлекеттік рәміздердің суреттері мен олар туралы мәлімет. Мемлекеттік рәміздерге арналған қазақ ақын-жазушыларының өлең-жырлары насихатталды. «Ел рәміздері - еркіндік нышандары» тақырыбында сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді. 7 «а» сынып жетекшісі С.Елеусизова «Алмас қылыш» тарихи фильмінен үзінді көрсетіп, қазақ хандығы заманында нышандарын қалай құрметтегенін көрсетті. Тәрбие сағаты рәміздерді ұлықтаумен жалғасын тапты. Бастауыш сынып мұғалімдері Б.Садыкова оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастырып, жеңімпаздарды анықтады. 2 «а» сынып оқушылары ата-аналарымен бірлескен тәрбие сағатында көп жыл мемлекеттік қызмет атқарған қазір зейнеткерлік демалыста Қ.Аксанова әжеміз жас ұрпақты нағыз Отанын сүйетін азамат болуға шақырды. Музыка пәнінің мұғалімдері Ж.Баймуханбетова мен Қ.Ушкемпирова 8-9 сыныптар арасында «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық әндерден флешмоб ұйымдастырды. Оқушылар көк туды желбірете билеп, өздерінің нағыз патриот екендерін көрсетті.