Басты  - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 

 
 
 
ЧАПАЙЛЫҚТАРДЫҢ ШАРУАСЫ ОҢДЫ 08.07.2016

   
     
Апта басында Чапай ауылдық округінің әкімі Б. Жұмабаев тұрғындар алдында 2016 жылдың І-жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Аталмыш есеп беру жиналысына аудан өкілдері, округ ардагерлері, қоғамдық кеңес төрағалары, көше комитеттері, учаскелік полиция инспекторы, ауыл тұрғындары мен округ кәсіпкерлері қатысты. Округ әкімі Б.А.Жұмабаев тұрғындар алдында 2016 жылдың І-жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы есеп беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Округте әлеуметтік маңызы бар мәселелер қаралды. Ауылдағы қаңғыбас иттерді аулау, және округті абаттандыру. Ауылдағы №10 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары туралы мәселелерді алға тартты.
     Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторы С. Немербаев халық алдындағы өз есебін берді. Ол баяндамасында округтегі қылмыстардың алдын алу жұмыстарының жүргізіліп жатқаны туралы айтып өтіп, тұрғындардың сұрақтарына кеңінен жауап берді. Қорытындылай келе округ әкімінің және учаскелік полиция инспекторының атқарған жұмыстарына жарыссөзге шыққан аудандық мәслихат депутаты М. Кошалко, қоғамдық кеңес төрағасы О.Атамбаев, «Гнездышко» балабақшасының меңгерушісі А. Лаврова, №10 орта мектеп директоры Ә. Байдаулетов және Чапай ауылының тұрғындары бірауыздан қанағаттанарлық деген баға берді.