БАСТЫ

 
 
 

ЖАСТАР ЕЛБАСЫ САЯСАТЫН ҚОЛДАЙДЫ

18.04.2017

 

Еліміздің Президентінің жыл сайынғы Жолдауы мемлекетіміз бен қоғамымызды дамудың жаңа сапалы сатысына көтеру болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы өзінің жоғары экономикалық даму қарқынымен ерекшеленіп, азаматтар құқығы мен мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз етіп отырған Тәуелсіз мемлекет ретінде танылады.

Іле ауданы жастары арасында Елбасы Жолдауын талқылау, түсіндіру мақсатында политехникалық «Прогресс» колледжінің акт залында «Жастар Елбасы саясатын қолдайды» атты кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында жастар үшін алдағы басты міндет, ол білімімізді жетілдіре отырып, сол алған білімімізді еліміздің дамуына, көркейіп өсуіне жұмсауымыз қажеттілігі туралы. Білім алам деген жасқа, әрбір азаматқа дағдарыс сылтау болмауы қажеттілігі мен қатар қоғамға кері әсерін тигізетін жат әдеттерден, дәстүрден тыс діни сенім нанымдардан алыс болуымыздың  қажеттілігі аталып кетті. 

Біз, Қазақстанның келешек жастары, болашақта Елбасының дамыған 30 елдің қатарына ену жоспарына белсенді атсалысамыз. Осындай жалынды жастар тұрғанда келешекте мәңгілік ел құру ойы іске асады.

Бабалардан қалған «Ұлым дейтін елі болмаса, елім дейтін жас қайдан болсын» деген.

Мемлекетіміз осындай жағдай жасап, жастардың саясатқа араласуына кеңінен қолдау жасап отырғанда Іле ауданы жастары мемлекетіміздің дамуына өз үлесін  қосуға дайын.