Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден арнайы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі М.М.Сафаарованың ұйымдастыруымен Чапай ауылындағы «Star Bucks» мейрамханасында қайырымдылық, мерекелік дастархан ұйымдастырылды. Бұл мерекелік шараға аудан бойынша жүз бала ата-аналарымен келді. Биылғы мерекені ерекше атап өткіздік. Алдымызға қойған мақсатымыз балаларды қоғамға бейімдеу, дем беру, белсенділікке ынталандыру, психологиялық қолдау көрсету.
Әлеуметтік - мәдени және рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, эстетикалық тәрбие беруге бағытталған. Осыған орай, мерекеге қайырымдылық дастарханына көмектескен «Казкотлосервис» ЖШС А.Ф.Волков, «Star Bucks» мейрамханасының қожайыны Фарида Болатқызы, жеке кәсіпкер Мадина Алимсаевна және Арман Қамалбек, Қарасай еріктілер клубының жетекшісі, жастар саясаты «Жас Отан» қанатының мүшесі Назарбаев Жандос Оразбайұлы сынды азаматтарға бөлімше ұжымының атынан және ата-аналар атынан рахметімізді айтамыз.
Мерекеге келген балаларды мейрамхана ұжымы есігін айқара ашып әлеуметтік жұмыскерлерді, ата-аналар мен балаларды дастархан басына жайғастырды. Меркеге қолдау көрсетіп, қонақ болып келген Назарбаев Жандос Оразбайұлының жетекшілігімен жас талантты жұлдыздардың әндерін тамашалай отырып, жүргізуші Жұбаныш Алламбергенов балалармен және ата-аналар мен қызықты ойындар өткізіп, көңіл-күйлерін көтерді. Осы мерекелік шараға көмектесіп, қатысып, қолдау көрсеткен барлық әлеуметтік жұмыскерлерге алғысымызды білдіреміз.
|