БАСТЫ

 
 
 

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – МІНДЕТІҢ

30.06.2017

    

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының мәжіліс залында азаматтарға «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесін түсіндіру бойынша тақырыптық қабылдау ұйымдастырылды.

Тақырыптық қабылдаудың мақсаты: партия мүшелері арқылы тұрғындарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша түсіндіру, жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік құзырлы органдарға диалог алаңын ұсыну, тұрғындармен бірлесе жұмыс атқаруды тиімді жандандыру, жұмыс сапасын көтеру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша азаматтардың жағдайларын шешуде нәтижелілікті көрсету. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы тұрғындардың құқықтық, ақпараттық сауаттылығын арттыру, сол арқылы елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу кезінде әлеуметтік қарама-қайшылықтарды шешу немесе болуы мүмкін қайшылықтардың алдын алу бойынша жұмыс атқару болып табылады.

Аталмыш шараға ауданымыздағы үлкен кәсіпорындардың «Danone Berkut», «Мостоотряд-8», «Алатау-құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өкілдерімен қатар партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы, аудандық орталық аурухана, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері қатысты. Қабылдау барысында аудандық аурухана директорының медициналық қызмет сапасын бақылау және ішкі аудит жөніндегі орынбасары, аудандық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша спикерлеріміздің бірі Жаңбырбаев Сұлтан Жаңбырбайұлы қабылдауға келген азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қатысушы азаматтармен сұрақ-жауап арқылы алмасып, толықтай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін талқылап берді.