Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050 стратегиясы» Жолдауында «Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келуіміз керек. Өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Тәртіпсіздік пен өз бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам», - деді.
Осы ұсақ тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстану барысында аудандық Ішкі істер басқармасының атқарып жатқан жұмыстары баршылық.
Алматы облысы, ІІД бастығының нұсқауымен 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы уақытқа дейін аудандық ішкі істер басқармасында «Тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік – Көршілер бақылауы» атты бағдарлама аясында барлық округтерге 20 билборд және 2000 жарнама банерлері ілінді. Бағдарлама іске қосылғалы бері, яғни бір айдың өзінде 88 хабарлама түскен. Оның ішінде 43 анықталаған, 28 хаттама толтырылған, 15 нарядқа жазылды және 1 ұрлық қылмысы ашылды.
Мысалы, Өтеген батыр кенті, Қарасу ықшам ауданының А. есімді азаматша, үйімнен белгісіз адам 50 АҚШ долларын ұрлап кетті деп бөлімшеге телефон шалып арызданды. Жергілікті учаскелік полицияның жедел іздестіру шараларының нәтижесінде аталған факт бойынша Талғар ауданы, Жаңалық ауылының К. есімді азаматы ұсталды. Ұрланған ақшаның 9000 мың теңге көлемінде залал келтірген немесе Боралдай кентінде, Аэродромная көшесінде тұратын Л. есімді азаматша белгісіз бір қыз келіп, су қоры жұмысшысы болып, су көрсеткішін тексеремін деп танысып, үйге кіріп ұрлық жасамақшы болды деп хабарласты. Аталған факті бойынша Т. есімді азаматша ұсталып, тексеру барысында тағы да 3 ұрлық фактісі анықталды. Осы қырағылығының нәтижесінде, полицейлерге көмек қолын ұсынғаны үшін азаматша Л-ге аудан әкімі атынан мадақтама тапсырылды.
Биылғы жылы ауданымызда «Жасөспірім – Заң - Қауіпсіздік», «Балалар түнгі қалада» атты жедел-профилактикалық іс-шаралары ұйымдастырылды. Қазір әр мектепте жергілікті учаскелік полицейлер ауылішілік тыныштықты сақтап, жастардың қылмыстық іске бармауын қадағалауда.
Осы аталған фактілерге қарап, аудандағы тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік қағидалары жақсы жарнамалаудың оң натижесін байқауға болады.
Қазір қоғамдық орындарда ішімдік ішу немесе шылым шегуде, тұрғындардың мазасын бей-берекет алуда әкімшілік құқықтың заң бойынша айыппұлы салынады. Мысалы, қоғамдық орындарда шылым шегу 441-бабы бойынша 3 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады (бір айлық көрсеткіш - 1982 теңге). Оны бір аптаның ішінде төлесе, тек жартысын төлейді. Ал кешіктіріп төлесе, айыппұл еселеп төлеуге тура келеді. Ал егер айыпкер мүлдем төлемейтін болса, іс сотқа барып одан ары шиеленісе түседі. Сондықтан ең абзалы қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті сақтаған жөн.
Аудан көлемінде тыныштықты сақтау үшін тәулік бойы (24 сағат) WhatsApp арқылы да хабарласып тұруға болады.
Әр адам қоғам тыныштығын сақтауды өзінен бастағаны дұрыс. Біздегі мәдениеттің төмендігі қаланың шырқын қашыратындығы жасырын емес. Алайда тиісті органдардың тиесілі жұмыстарын шашауын шығармай атқаруы көп олқылықтың жолын кесуде. Осы ретте ҚР Ішкі істер министрлігі аталған қағидатты қолдану бағытында азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей әсер ететін әкімшілік кодекстің 441, 440, 437-бабы белгіленген. Бұл тәртіп біздің аймақта АІІБ-ның тікелей араласуымен қатаң сақталуда.
Бетімен кеткен қоғамды тәрбиелеу бұл тек полицейлерге жүктелген шаруа емес. Оған екінің бірі ел азаматы ретінде атсалысқаны абзал. Қатаң қағида – қоғам дамуының негізі. Осы бастан ұсақ құқық бұзушылыққа қалай болса солай қарасақ, қоғамымыз кері кетеді. Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайтыны сияқты тәртіпсіздіктің де елеусізі жоқ. Майда-шүйде, көзге ілінбейтін құқық бұзушылықтар ертеңгі күні аса ауыр қылмысқа ұласуы әбден мүмкін. Қоғамда түрлі жағдаймен істі болып, сот алдынан бір-ақ шығып жатқаны жетерлік. |