Чапаев ауылдық округі бойынша 1 маусым Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай іс-шараның жоспары бекітіліп, округтегі мекеме басшылыры, ұйымдар, ауыл белсенділерімен кеңес өткізілді.
Мереке қарсаңында округте санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Жоспарға сәйкес округ бойынша жетім, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі, ата-ана қамқорлығыныз қалған балалардың тізімі анықталды.
1 маусым балаларды қорғау күні №10 орта мектебтің алаңында мерекенің ашылуы өтіп, округ әкімі Б.Жумабаев барша жиналған бүлдіршіндерді мерекелерімен құтықтап жазғы демалыс күндерін сәтті өткізулерін тіледі.

Сондай-ақ №10 орта мектептің директоры Ә.Байдаулетов, Қоғамдық кеңестің төрағасы О.Атамбаев жиналған балаларды мерекелерімен құттықтады.
Мереке күніне арналған спорттық ойындар да қалыс қалған жоқ, атап айтсақ, эстафета, асфальтта сурет салу, қаппен секіру, арқан тарту түрлерінен сайыстар өтті.

Іс-шара концерттік бағдарлама мен жалғасып, округ көремөнерпаздары балаларға арналған мерекелік концерт қойды.
Мереке соңы округ әкімі Б.Жумабаевтың ұйымдастыруы мен жергілікті кәіпкерлердің демеушілігімен 600 астам балаға сый ретінде тегін балмұздақ таратылды.



|