БАСТЫ

 
 
 

МЕЙІРІМ ТОЛЫ МЕРЕКЕ

17.01.2017

 

Өткен аптада «Рождество Христово» мерекесі Ащыбұлақ ауылдық округі М.Түймебаев ауылы «Свято Сергиев» шіркеуі мен «Солнышко» балалар бақшасында өтті. Мерекеге аудан әкімінің аппарат басшысы М.Карибаев, білім бөлімінің басшысы Л.Каткеева, округ әкімі С.Күзембаев, Іле аудандық мәслихат депутаты С.Чатуев және «Солнышко» балалар үйінің балалары қатысты.
Мерекені аудан әкімінің аппарат басшысы М.Карибаев ашып, жиналған қауымды «Рождество Христово» мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Одан кейін «Нұр Әлі» мейрамханасында «Рождество Христово» мерекесі өтті. Мерекеге округтегі аз қамтылған оқушылар, приют балалары барлығы 400 оқушы қатысты. Мерекелік іс-шараны округ әкімі С.Күзембаев ашып, жиналған қауымды «Рождество Христово» мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Құттықтау сөз сөйлегендер қатарында аудандық мәслихат депутаты С.Чатуев, ауданымыздың «Құрметті азаматтары» К.Қасымбеков, Г.Сулейманов жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, сөз сөйледі.
Шақырылған қонақтар, шіркеу приютының балалары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Оқушылар би билеп, ойын ойнап, сыйлықтарға ие болды.
«Рождество Христово» мерекесін өткізуге округте орналасқан мекемелер мен жеке кәсіпкерлер, «Свято Сергиев» шіркеуінің қызметкерлері атсалысты.