Басты  - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 

 
 
 
СУБСИДИЯ АЛҒАН ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ ДӘН РИЗА 12.02.2016

11 ақпан күні Қазақ ұлттық аграрлық университеті ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерін Алматы облысы Іле ауданы шаруа қожалықтарында қолданысқа енгізу жұмыстарын ұйымдастыру тобы ауданның шаруа қожалықтары басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуге аудан әкімі Қ.Медеуов, әкім орынбасары Н.Құматаев, ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы А.Юсупов, ветеринария бөлімінің басшысы С. Қожахметов, агрономия кафедрасының профессоры А.Апушев (топ жетекшісі), биологиялық қауіпсіздік кафедрасының профессоры Ә.Утянов (топ жетекшісінің орынбасары) және шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. Бұл кездесуде шешімін таппай отырған мәселелер, оларды шешуде ғалымдардың алатын орны талқыланды. Кездесу барысында ғалымдар бірнеше нақтылы тапсырмалар алды. Мысалы: гидротехникалық жүйелерді инвентаризация жасап, қалпына келтіру бойынша ұсыныс дайындау, мемлекеттік субсидия арқылы салынатын 25 жылыжайларды орналастыру, пайдалану мәселелерін шешу, ауылшаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығын оңтайландыру, мал төлдету, мал ауруларының алдын алу шараларын ғылыми негізде өткізу.
Көтерілген мәселелер бойынша бірнеше шаруа қожалықтары басшылары бүгінгі күннің өзінде топ мүшелеріне өз өтініштерін айтып, ғалымдардан көмек сұрауда. Мысалы: Түймебаев ауылында жылыжай орналастыру жобасын жасау, «Несіпхан» шаруа қожалықтарының жылыжай пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау, «Достық» шаруа қожалығындағы мал азықтандыру технологиясын жетілдіру, Қаскелен АҚ - ында масақты дақылдар өсірудің нөлдік және жалға себу технологияларын қолданысқа енгізу, Чапай ауылындағы шаруа қожалықтарындағы жер суландыру жүйесін қалпына келтіру және жоңышқа егістіктерінің өнімділігін көтеру жолдары ұсынылды.
15 ақпан күні аудан әкімі ауылдық округтер әкімдерімен өткізген жиналысқа қатыстырып топ алдындағы міндеттерді түсіндіруге және әрі қарайғы жұмысты ұйымдастыру мәселелерін жеткізуге мүмкіншілік берді.
Қазір ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімдері басшыларымен және мамандарымен бірлесе отырып толықтырылған жұмыс жоспары дайындалуда. Ветеринария және мал шаруашылығы технологиялары мамандығы студенттерінің 1-ші наурызда басталатын практикасын Іле ауданы шаруашылықтарында ұйымдастыру бойынша ұсыныстар түсті. Қазір шаруашылықтар анықталуда.