Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Үкіметтің алдына қойған тікелей міндеттерінің бірі. Ұлт денсаулығын сақтау - мемлекет назарындағы басты мәселе. Сондықтан медицина саласындағы - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бұл реформа халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған. Біріншіден, ел аумағындағы өзіңіз қалаған кез-келген емханадан медициналық көмек аласыз. Екіншіден, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қарастырылған қосымша барлық ақылы қызметтен босатыласыз. Бұдан басқа да тиімді тұстары баршылық. Мысалы, сақтандыру жарналарын азаматтарға жұмыс беруші мекемелер төлейді. Ал жұмыссыздар мен еңбекке жарамсыз азаматтар үшін жарна мемлекеттен аударылады. Бұл жүйе халықтың барлық топтары үшін медициналық және дәрілік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді.
Осыған орай «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес, «Ащыбұлақ» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Первый Пивзавод» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлері мен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» бойынша аудандық ақпараттық топ мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды. БПҰ-ң төрағасы, Саяси кеңес Бюро мүшесі С. Күзембаев партиялық жиынды ашып, аудандық спикер Іле аудандық орталық ауруханасының ЕПҰ медициналық қызмет сапасын бақылау және ішкі аудит жөніндегі директордың орынбасары Жанбырбаев Сұлтан Жанбырбаевичпен таныстырып, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жиын регламентіне сәйкес сөз беріп отырды.
Жергілікті және аудандық спикерлер «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесін түсіндіру үшін интерактивті тақтаны қолданып, көрнекі ақпараттық құжаттармен қамтамасыз етіп, жиынға жиналған адамдардың сұрақтарына жауап беріп, түсініктеме жұмыстарын жүргізді.
|