«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кестеге сәйкес апта ішінде Іле аудандық Ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Бекебаев Қуаныш Әшімбайұлы қабылдау жүргізді.
Қабылдауға келген тұрғындар негізінен азаматтық алу мәселесі жайлы сұрақтармен келді. Мысалы: Н.Усманов атты азамат Қазақстан Республикасына келгеніне 10 жыл болғанына қарамастан, азаматтық ала алмай жүр. Себебі құжаттарын уақытында тапсыра алмай қалған. Азаматқа көмек көрсетіліп, азаматтық алу үшін барлық құжаттары жиналып, Ішкі істер басқармасы басшысының атына арыз жазылып, азаматтық алуға құжаттары тапсырылды.
Сонымен қатар азаматтық алу мәселесі жайлы Н.Тілендиев ауылының тұрғыны А.Утемисова да қабылдауға келді. Азаматшаның ықтияр хатының уақыты өтіп кеткен. Азаматшаға да түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, біріншіден 192-бап бойынша 10 айлық есеп көрсеткіш көлеміндегі айыппұл төлеп, ықтияр хатының мерзімін ұзартуға арыз жазу керектігі айтылып, ықтияр хаты дайын болғаннан кейін азаматтыққа өтініш беру керектігі түсіндірілді.
Сонымен қатар 2 сағат ішінде қабылдауға келген басқа азаматтар да Заң негізінде тиісті жауаптарын алып, мәселелерінің оңтайлы шешілуіне атсалысқан аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне, Ішкі істер басқармасы басшылығына ризашылықтарын білдірді.

|