Басты  - БІР ІЗДІЛІККЕ ТҮСІРУ - БІЛЕК КҮШІ
 

 
 
 
БІР ІЗДІЛІККЕ ТҮСІРУ - БІЛЕК КҮШІ
10.07.2015

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың, жергілікті дамудың барлық мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейтудің маңызы зор» деген болатын. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінің тиімді жұмысы және жергілікті өзін-өзі басқару шеңберінде күнделікті маңызды мә­селелерді шешуге халықтың белсене қатысуы тікелей әсер етеді.
Мәслихат депутаты ретінде қоғамдық Кеңес төрағаларымен бірлесе отырып, арнайы құрылған комиссия мүшелерімен округ аумағында атқарылатын жұмыстарды жоспарлау, бюджеттен бөлінетін қаражатты тиімді жұмсалуын, тұрғындарының ішінде тұрмыстық жағдайы төмен жанұяларды, мүгедек, қараусыз қалған жалғыз басты қарттарды анықтап оларға мемлекеттік және кәсіпкерлердің көмегін ұйымдастыруға ықпал жасаймын.
Ауыл белсенділері М.Түймебаев, Төле би, Жәпек батыр, Көкқайнар ауылындағы әлеуметтік нысандардың халыққа көрсететін қызметтерінің сапасын тексере отырып, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын қадағалайды.
Бүгінгі таңда Ащыбұлақ ауылдық округінің тұрғындарының және кәсіпкерлердің көмегімен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін басшылыққа ала отырып, қолма-қол ақшаны «Ерікті жарна» ретінде бақылау шотына түсіріп, жиналған қаржыны соғыс, еңбек ардагерлеріне, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету, округте өткізілетін барлық мәдени іс-шараларды өткізу, ауылымызды көркейту мақсатында жұмсаймыз.