Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша Департамент басшысы Ж.Кенжекулов азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдауы өтті. Тақырыптық қабылдауда «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағаcының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша Департаменті оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық басқарма басшысы Б.Ізбасаров қатысты. Қабылдау барысында жазылған азаматтар өздерінің көкейлерінде жүрген және шешімін таба алмай жүрген мәселелерін қозғады, басшылық тарапынан олардың оңтайлы шешілуіне ықпал етілді.
Сауда-саттық жүргізу үшін жер телімдерін сұрап келгендерде болды. Мысалы: Л. Юрченко Покровка ауылының тұрғыны сауда орыны Өтеген батыр кентіндегі Титов көшесінің бойында заңсыз орналасқан. Әкімшілік ескертуден кейін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалына арызданып келіпті. Дәл осы мәселеге аудан әкімі Қыдыркелді Өміржанұлы: - «Біз ешқашанда өзін-өзі дамыту мен әлеуметтік жағдайын жақсартамын деген азаматтарға қолұшын бермесек оларға қарсы шыққан емеспіз. Тек барлығы заңды түрде орын алу керек. Сауда-саттыққа арнайы сауда орындары бар. Көшеде тұрып жабайы саудамен айналысуға жол бермейміз. «Биля» сауда базары сол үшін де ашылған. Аудан орталығы таза болсын. Жабайылылыққа жол жоқ» - деп кесіп айтты. Л.Юрченкоға орталық «Биля» базарынан орын табуына кеңес берді. Екінші кәсіпкер А.Джанұзақов болса І.Жансүгіров бойындағы жер телімінде орналасқан ағаштарды кесуге рұқсат сұрады. Ағаш кесуге бірден тиым салынды. Кәсіпкерге нысанды салу үшін басқаша нұсқасын қарастыруға кеңес берді. Осыдан кейін қабылдауда болған азаматтарға ауданымыздың бас архитекторы Р.Каипов пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басшысы А.Камалбек сауда орталықтарында қай жерге орналасуға болатынын және ағаштарды кесуге рұқсат қағаздарды қайдан алуға болатыны жайлы нақты айтып көрсетті.
Қоғамдық қабылдауға келген аудан тұрғындары әлеуметтік көмек, жер алу мәселелері бойынша өз өтініш-арыздарын білдірді. Аудан басшысы аталған мәселелерді шешу үшін бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, мәселелер бақылауға алынды.
|