БАСТЫ

 
 
 

Ауыр атлетикадан 23 жасқа дейінгі жастар және 17 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Алматы облысының жекелей ашық Чемпионаты және «Динамо»
дене шынықтыру спорт қоғамының 17 жасқа дейінгі жасөспірімдердің ашық біріншілігі

31.03.2017

 

 

2017 жылдың 27-31 наурыз күндері аралығында Өтеген батыр кентінде орналасқан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында Ауыр атлетикадан 23 жасқа дейінгі жастар және 17 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Алматы облысының жекелей ашық Чемпионаты және «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының 17 жасқа дейінгі жасөспірімдердің ашық біріншілігі өткізілді. Жарысқа 14 команда қатысты. Олар: Қырғыстан Республикасы Бишкек қаласы, Қырғыстан Республикасы Қаракөл қаласы, Алматы облысы Текелі қаласы, Алматы облысы Сарқанд қаласы, Алматы облысы Талдықорған қаласы, Алматы облысы Үштөбе қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы, Батыс Қазақстан облысы Атырау қаласы, «Шаңырақ» Республикалық олимпиадалық резервтегі спорт мектебі және колледжі, Каркен Ахметов атындағы Республикалық олимпиадалық резервтегі спорт мектебі және колледжі, Республикалық спорт колледжі, Дарынды балаларға арналған спорт мектеп интернаты, №16 Балалар мен жасөспірімдер арасындағы резервтегі олимпиадалық спорт мектебі, Алматы облысы Іле ауданы командалары.

Жарыс олимпиадалық ойын тәртібі бойынша өткізіліп, жарыстың командалық есеп қорытындысы бойынша І орын «Шаңырақ» Республикалық олимпиадалық резервтегі спорт мектебі және колледжі, ІІ орын Каркен Ахметов атындағы Республикалық олимпиадалық резервтегі спорт мектебі және колледжі , ІІІ орын Талдықорған қаласы ие болды. Жүлделі орынға қол жеткізген командалар Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының арнайы дипломдарымен кубоктары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қатар ауданымыздың жасөспірім спортшылары белсене қатысып жүлделі орынға қол жеткізді. Атап айтсақ, 34 кг салмақ дәрежесінде Чапай ауылдық округі №10 ОМ оқушысы Нурмуханов Бауыржан І орын, Қараой ауылдық округі №18 ОМ оқушылары Бекорев Сергей ІІІ орын, Қошқарбаев Рақымжан ІІІ орын және қыздар арасында Жанболат Бейбісара ІІ орынға ие болды. Жаттықтырушысы Нуруллаев Азамат Аботович.