Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жолдау тақырыбының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталуының өзіндік заңдылығы бар. Бірінші - осыдан 25 жыл бұрын біздің Тәуелсіздігімізді жариялаған уақыт, екінші - «Қазақстан - 2030» стратегиясының қабылдануы. Ал, үшінші - жаңғыруымыз «Қазақстан - 2050» стратегиясы мақсаттарына жетелейтін «100 нақты қадам Ұлт жоспары» аясында іске аспақ.
Елбасы Жолдауда үшінші жаңғыру арқылы еліміздің даму болашағын айқындайтын бес басымдықты атап өткен. Біріншісі - экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Осыған орай, Президент Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырды.
Екінші басымдық – бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Үшінші басымдық - макроэкономикалық тұрақтылық. Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту және бесінші басымдық - институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлық пен күреске қатысты. Осы бағыттарды жүзеге асыру үшін Президент Үкіметке «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын елді Үшінші жаңғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі дамудың стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырды. Біз Үкіметтің «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын және «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» стратегиялық жоспарын асыға күтеміз. Нұрсұлтан Назарбаевтың экономикалық дамудың басты факторларынан өзге, білім мен рухани салаға қатысты өзекті сөздері көкейге қонды.
Іле аудандық кітапханасында 2015 жылдан бастап кітаптарды цифрлау жұмысы қолға алынған. Сондай-ақ кітапханамызда 1000-ға жуық диск және «Қазақстандық автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі» бағдарламасының «Мақалалар» электронды каталогында 1500 мақала бар. Кітап қорымызда қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі көркем әдебиеттер қатары жыл санап көбеюде. Халықаралық аренада еңсесі тік, беделі нық еліміздің ерен жетістігі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының дер кезінде қабылдаған батыл бағыттарының бұлжытпай жүзеге асырылуынан деп білеміз.
М.ЖӘБИЕВА, Іле аудандық кітапхана директоры.
|