БАСТЫ > 

 
 
 
ЕЛІМІЗДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БАҚЫТЫ 14.11.2016

       

«Қазақстан - тәуелсіз ел» жас қырандай шыңға шығып, жиырма бес жылда шыңдалып, орда бұзған батырдай талай ауыр сындардан аман өттік.
Тәуелсіз еліміздің 25 жылдығына қарсы табысты еңбегімен өз үлесін қосқан ұжымдардың бірі Боралдай елді мекеніндегі «Жедел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Алып шаһар Алматы қаласының мың жылдығына қарсы еселі еңбек етіп, тоғыз жолдың торабына көліктері қатынап, халықтың алғысына бөленуде. Қазан айының соңғы жұмасында ұжым төл мерекелерін ұйымшылдықпен атап өтті. Еңбегі сіңген ардагер жұмысшыларын құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Мекеме басшысы Ерлан Шорманов бауырымыздың айтуына қарағанда соңғы екі жылда 35 жаңа автокөлігін алған көрінеді. Алматы қаласының аймағы күннен-күнге ұлғайып, жолаушылардың саны артып келе жатқандығынан әр бағытқа 5-10 рейс қосылып отырғандығын да айтып берді. Жақсы жұмыс істеп көзге түскен азаматтарды атап жазуымызды сұрады. Автоколонна басшысы Құрманғазы Мұсабеков, Дәулет Распеков, бригадир Құрманғазы Оспанов. Еңбегі еленген үлгілі жүргізушілер: К.Керімбеков, Н.Көпжанов, А.Баймұханов, К.Есімбеков сынды азаматтардың еңбегін ерекше атап өтті.
Менің өзім Жауғашты ауылының тұрғыны болғандықтан үш жылдан бері осы «Жедел» мекемесінен Қанат пен Жалғас деген азаматтар «Mercedes» шағын автокөліктерімен үздіксіз адам тасымалдап, ауыл тұрғындарының алғысына бөленуде.
Сонымен қатар ауылымыздың жаңадан ауысқан мектеп басшысы Оспанов Серік Әлібекұлын да атап жазғанды жөн көрдім. Алғаш жұмысына кіріскен кезде ауыл ақсақалдары: Шамбай Өмірбаев, Қапар Төлепов, Оксана Калинина тағы басқа сыйлы адамдарды шақырып батасын алып мектепте «Наурыз» мерекесін өткізді. Ауыл үлкендері риза болып, бірінші рет көрудеміз деп таңдай қағысты. Серік Әлібекұлы келгелі ақсақалдар алғашқы қоңырау мен соңғы қоңырауға шақырылып, бата берісіп, ұрпақтың қазақ тілі мен діні өркенденуіне үлес қосудамыз. Осындай жақсы үрдіске сүйенуші болып жүрген қазақ тілі пәнінің ұстазы Толқынова Әния Маңғазқызын да атаған дұрыс болар деп ойладым.