Өткен аптада Қараой ауылы, Мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы «Қараой» БПҰ жиналысы өтті. Жиналысқа «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е. Тұрымбетов, Қараой ауылдық округінің әкімі Д.Казербаев, бастауыш партия ұйымының төрағасы В. Поротиков, партия топтарының жетекшілері, партия белсенділері, аудандық мәслихаттың депутаттары, шағын және орта кәсіпкерлік, шаруа қожалықтары өкілдері, ақсақалдар алқасы мен қоғамдық кеңес мүшелері, білім, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, жастар қатысты.
Күн тәртібінде «Қараой» БПҰ-ның 2017 жылғы 10 ай ішінде атқарған жұмысы жайлы «Қараой» БПҰ төрағасы В. Поротиковтың есебі тыңдалып, «Қараой» БПҰ-ы бюросының құрамын сайлау туралы мәселесі қаралды. Ашық дауыс беру нәтижесінде Казербаев Данияр Қамалбекұлы бірауыздан «Қараой» БПҰ төрағасы болып сайланды. Жиналыс соңында «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е. Тұрымбетов сөз сөйлеп, БПҰ-ның атқарған жұмысына тоқталып, сонымен қатар, алда тұрған міндеттер жайлы айтты, партия жұмысына табыс тіледі. «Нұр Отанның» қатарына азаматтарды тарту жалғасуда, есеп беру барысында «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне Қараой қоғамдық кеңес төрағасы Алимбаев Қабылтай Туркпенбайұлын партия мүшелігіне қабылдады.
Жарыссөзге шыққандар №14 орта мектептің директоры, партия тобының төрайымы К. Балқыбекова, аналар кеңесінің төрайымы, зейнеткер, партия мүшесі С. Таджиева, жастар ісі жөніндегі нұсқаушы Э. Салибековалар шығып «Қараой» бастауыш партия ұйымының 2017 жылғы 10 айда атқарған жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берді.
Өтеген батыр кенті, №24 мектеп-лицейінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы «Энергетик» БПҰ жиналысы өткізілді. Жиналысқа «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов, «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық партия филиалы саяси кеңесінің мүшесі, Энергетический ауылдық округінің әкімі С. Закиржанов, партия топтарының жетекшілері, партия белсенділері, облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттары, шағын және орта кәсіпкерлік, шаруа қожалықтары өкілдері, ақсақалдар алқасы мен қоғамдық кеңес мүшелері, білім, денсаулық сақтау саласының жастар қатысты. Күн тәртібінде «Энергетический» БПҰ-ның 2017 жылғы 10 ай ішінде атқарған жұмысы жайлы «Энергетический» БПҰ төрағасының орынбасары Қ.Сарсенбаеваның есебі тыңдалып, «Энергетический» БПҰ бюросының құрамына 7 адам ұсынылып, дауыс беру нәтижесінде жаңа құрамы сайланды.
Күн тәртібіндегі 3-ші мәселе бойынша Е. Тұрымбетов «Энергетический» БПҰ төрағасы лауазымына округ әкімі Закиржанов Садыр Тұрсынжанұлының кандидатурасын ұсынды және қысқаша өмірбаянымен таныстырды. Ашық дауыс беру нәтижесінде С. Закиржанов бірауыздан «Энергетический» БПҰ төрағасы болып бірауыздан сайланды. Жиналысты «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов қорытындылап, «Энергетический» БПҰ-ның атқарған жұмысына тоқталып, сонымен қатар, алда тұрған міндеттер жайлы айтты. Жаңа тағайындалған БПҰ төрағасы С.Закиржановтың партия жұмысына табыс тіледі. Жарыссөзге №13 орта мектебі партия тобының хатшысы Г. Беркимбаева, жергілікті қоғамдастық мүшесі Н. Сайлаубайұлы, жастар белсендісі, «Прогресс» колледжінің студенті А. Ниетжанова сөз сөйлеп, «Энергетический» бастауыш партия ұйымының 2017 жылғы 10 айда атқарған жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берді.


|